Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева классикалық шахматтан ФИДЕ рейтингінде әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына қайта енді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Жаңартылған live-рейтингте қазақстандық шахматшы 5,4 ұпай жинап, жетінші орыннан бесінші сатыға көтерілді. Қазір еншісінде 2537,4 рейтингтік ұпай бар.

Бибісарадан жоғары тұрған төрт шахматшының үшеуі – Қытай өкілдері Хоу Ифань, Чжу Цзиньэр және Цзюй Вэньцзюнь. Сондай-ақ алғашқы төрттікте ресейлік Александра Горячкина бар.

Share.
Exit mobile version