Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Бір адам қаза тапты: Алматыда RAMS салған тұрғын үйден өрт шықты
Басты ақпарат

Бір адам қаза тапты: Алматыда RAMS салған тұрғын үйден өрт шықты

Сайт әкімшілігіСайт әкімшілігі24.08.202666

Алматыда 13 қабатты Lamiya тұрғын үй кешенінде түнде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт 23 тамыз күні сағат 22:49-да Әди Шәріпов көшесі, 145 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінде болған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері бес минуттан кейін оқиға орнына жеткен.
Құтқарушылар екінші кіреберістің техникалық бөлмесі мен қабаттарында кабельдердің, сондай-ақ бірінші кіреберістің 7-13 қабаттарындағы электр қалқандарының жанғанын анықтады.
Өрт сағат 23:57-де оқшауланып, 00:14-те толық сөндірілді.
Құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, баспалдақ арқылы 148 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді.
Зардап шеккендердің бірі ес-түссіз күйде табылған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері реанимациялық шаралар жүргізгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД-ның шамамен 90 қызметкері мен 25 арнайы техникасы жұмылдырылды.
ТЖД мәліметінше, өрттің өршуіне оның кеш хабарлануы себеп болуы мүмкін. Алдын ала ақпарат бойынша, автоматты өрт дабылы өрт сөндіру бөлімшелеріне қоңырау шалынғанға дейін шамамен бір жарым сағат бұрын іске қосылған. Алайда тұрғындар өрт туралы құтқару қызметіне дер кезінде хабарламаған.
Бұған дейін өрт-техникалық тексеру барысында анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын жою жөнінде жауапты тұлғаларға нұсқама берілген.
Еске сала кетсек, Lamiya тұрғын үй кешенін RAMS Qazaqstan компаниясы салған. Алматыда бұл құрылыс компаниясы бұған дейін де бірнеше дауға іліккен.

RAMS адам қаза тапты Алматы өрт тұрғын үй
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді
Next Article Қызылордада әлеуметтік желіде полицейлерді сынап жазған бойжеткен қамауға алынды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.