Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді
Жаңалықтар

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

Сайт әкімшілігіСайт әкімшілігі24.08.20263

Топ байқаушылары сайлау күні Қазақстанның 11 қаласындағы мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру процесіне мониторинг жүргізген. Бақылаудың мұндай кең ауқымды деңгейі еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі сайлау барысына жан-жақты әрі объективті баға беруге мүмкіндік берді дейді «Халық үні» өкілдері, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Қозғалыстың негізгі штабы Алматы қаласында орналасқан. Сонымен қатар, «Халық үні» қозғалысының қолдаушылары мен бақылаушылар желісі еліміздің бірқатар өңірін қамтыды. Бақылау жұмыстары Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Семей, Тараз, Қонаев және Талдықорған қалаларында жүргізілді.

Бақылау миссиясына дайындық барысында 11 қалада мыңнан астам азамат электоралдық бақылау әдістері бойынша арнайы оқытудан өтті. Бақылаушыларды қоғамдық-саяси процестер саласындағы тәжірибелі сарапшылар — саясаттанушы Дос Көшім, сарапшы және баспагер Бақытжан Бұқарбай, журналист Ермұрат Бапи және қоғам қайраткері Бекнұр Кисиков даярлады. Саяси кеңес беру бойынша сарапшы Нұргелді Әбдіғани мен саясаттанушы Нұрболат Нышанбай қатысқан.

Оқыту бағдарламасының қорытындысы бойынша дайындықтан өткен азаматтардың арасынан бақылаушылар іріктеліп, оларға сайлау учаскелерінде бақылау жүргізуге арналған ресми жолдамалар берілген.

«Халық үні» қозғалысы байқаушылары дауыс беру күні учаскелерде таңертеңнен бастап барлық сайлау рәсімдері аяқталғанға дейін жұмыс істеп, азаматтық бақылауды барынша сапалы және жан-жақты жүргізуге күш салды.

Топ мүшелері учаскелерде дауыс берудің негізгі рәсімдері қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес өтті дейді. Ссайлаушылардың белсенділігі жоғары болғанын атап өтті. «Халық үні» сайлау процесінің барынша шынайы, әділ өткенін айтты.

Бақылау барысында кездескен кішігірім заң бұзушылықтар бойынша бақылаушылар тиісті актілер мен хаттамаларды рәсімдеген. Қазіргі уақытта алынған ақпаратты жинақтау, жүйелеу және қосымша тексеру жұмыстары жалғасуда дейді. Жақын уақытта барлық материалдар қорытындыланып, сараптама жасалынбақ. «Халық үні» байқаушылары бақылау жұмыстары мен әзірленетін ұсыныстар сайлау процесін одан әрі жетілдіруге, азаматтардың сайлау институттарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді деген сенім білдірді.

Қозғалыс қорытынды сайлау Халық үні
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАқмолада жылдар бойы жүргізушілерді қинаған Жақсы–Есіл бағыты қашан ашылады?
Next Article Бір адам қаза тапты: Алматыда RAMS салған тұрғын үйден өрт шықты

Оқи отырыңыз...

2,3 трлн теңгелік дау: Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіріп алуды уақытша тоқтатты

09.09.20262

Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді

09.09.20263

«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті

09.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 679

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 265

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 394

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 355

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 968

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 844

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 731

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 704

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 363

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.