Зардап шеккен шетел азаматы тиісті арызпен құқық қорғау органдарына және өз елінің дипломатиялық өкілдігіне жүгінді. Алынған өтініш негізінде тергеу қызметтері «Қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты оқиғаның барлық мән-жайын және әрбір фигуранттың қатысу дәрежесін анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері мен процестік шаралар жүргізілуде. Істі тергеу жалғасуда және ол құқық қорғау органдары басшылығының бақылауында.


