Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Тұйық, телефонға телмірген: Теміртауда 20 жастағы жігіт әкесіне 6 рет, анасына 9 рет пышақ сұққан
Жаңалықтар

Тұйық, телефонға телмірген: Теміртауда 20 жастағы жігіт әкесіне 6 рет, анасына 9 рет пышақ сұққан

НұрланНұрлан10.10.2026244

Теміртауда 52 жастағы адам мен оның 49 жастағы әйелі өз пәтерінде өлі табылды. Қанды қылмысқа олардың 20 жастағы ұлы күдікті ретінде қамалды. Қайғылы оқиға көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында болған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Көршілерінің айтуынша, сол түні әйел пәтерінен дәлізге жүгіріп шығып, айқайлап көмек сұраған. Мұны естіген тұрғындар полиция шақырған.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары пәтерге кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болған. Пәтердің іші мен дәлізде қан іздері анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 20 жастағы жігіт әкесіне алты, анасына тоғыз рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көршілерінің бірі Елена Маскаеваның айтуынша, күдікті келесі күні таңертең ұсталған. Ол тұрғындар арасында жігіттің ата-анасымен келіспеушілігі болғаны туралы әңгіме тарағанын жеткізді. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Көршілер отбасының аталған үйге бір жарым жыл бұрын көшіп келгенін айтады. Олардың сөзінше, ерлі-зайыпты тыныш өмір сүрген, ал ұлдары көп сөйлемейтін, тұйық мінезді болған, телефонмен уақытын өткізген жігіт болған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров 20 жастағы күдіктінің ұсталғанын растады.

— Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен ерлі-зайыптының 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді ведомство өкілі.

Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
Next Article Бишкекте шетелдікке шабуыл жасап, зорлады деген күдікпен төрт адам ұсталды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026328

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.