Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Боқаевтың сыбайласы кінәсін толық мойындап, сотта айғақ беруге дайын екенін айтты
Жаңалықтар

Боқаевтың сыбайласы кінәсін толық мойындап, сотта айғақ беруге дайын екенін айтты

НұрланНұрлан22.10.2026163
Фото: казтаг

Санжар Боқаевтың жеке мобилографы Ұлан Нүсіпқожа өзіне тағылған барлық айып бойынша кінәсін мойындап, қылмысқа қатысы бар өзге адамдардың әрекеттері жөнінде сотта айғақ беруге дайын. Бұл туралы оның адвокаты Мәди Әуекенов мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Адвокаттың айтуынша, қорғау тарапының ұстанымы өзгерген. Ұлан Нүсіпқожа өзіне тағылған барлық қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындау туралы шешім қабылдағанын айтқан. Атап айтқанда, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының ұрлық жасауы (ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы), ағаштарды заңсыз кесу (ҚР ҚК 340-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы) және көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармақтары) бойынша тағылған айыптарды мойындап, жасалған әрекеттердің мән-жайына қатысты сотта өз еркімен шынайы әрі дәйекті айғақ беруге ниетті.

Адвокат қорғауындағы азаматтың айғақтары тек өзінің іс-әрекеттеріне ғана емес, қылмысқа қатысы бар өзге адамдардың әрекеттеріне де қатысты болатынын атап өтті.

Бұған дейін сот Ұлан Нүсіпқожаның денсаулық жағдайын ескеріп, оған қатысты бұлтартпау шарасын күзетпен ұстаудан үйқамаққа ауыстырған болатын.

Ұлан Нүсіпқожа адвокатының мәлімдемесін қолдап, кінәсін мойындайтынын және істің мән-жайы бойынша сотқа шынайы айғақ беруге дайын екенін жеткізді. Бұған дейін ол Санжар Боқаев өзі үшін жалдаған адвокат Сергей Кимнің қызметінен бас тартқан еді.

бокаев сыбайлас
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЗеленский Украинаның 25 пайыз аумағын Ресейге беруге келісті
Next Article Доллар бағамы 450 теңгеден төмендеді: 22 қазандағы валюта бағамы

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026303

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202645

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026303

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202617

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.