Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Аймақ»Целиноград ауданында 24 мыңнан астам тұрғын газға қол жеткізді
Аймақ

Целиноград ауданында 24 мыңнан астам тұрғын газға қол жеткізді

Сайт әкімшілігіСайт әкімшілігі20.08.202637

 Ақмола облысының Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдарын газдандыру жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы шамамен 240 шақырым болатын жаңа газ тарату желілері тартылып, 24 мыңнан астам тұрғынның табиғи газға қол жеткізуіне мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар жұмыстар бастапқы белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды. Алғашқы жоспар бойынша газ беру 2028 жылы басталуы тиіс болған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қаражар аудан бойынша толық газдандырылған жетінші, ал Қараөткел сегізінші елді мекен болды. Нысандардың бір магистральдық газ желісінің бойында орналасуы жұмыстарды қатар аяқтауға мүмкіндік берді.

«Газдандыру – тек коммуналдық инфрақұрылымды дамыту емес. Бұл – экологиялық жағдайды жақсарту, тұрғындардың отынға жұмсайтын шығынын азайту және өмір сүру сапасын арттыру. Әсіресе елорда маңында қарқынды дамып келе жатқан елді мекендерді заманауи инженерлік желілермен қамтамасыз ету маңызды», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Қаражар ауылында шамамен 53 шақырым газ желісі тартылды. Нәтижесінде 5 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Қараөткелдегі құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілді. Алғашқы екі іске қосу кешені өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілсе, биыл тағы үш кешеннің құрылысы аяқталды. Жаңа желілердің жалпы ұзындығы шамамен 185 шақырымды құрайды. Ауылда 4 мыңнан астам аула бар, қазіргі таңда шамамен 1,5 мың абонент газбен жабдықтау жүйесіне қосылған.

Жоба аясында тұрғындарды қолдау шаралары да қарастырылған. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға газ тұтыну ақысына 20 пайызға дейін жеңілдік беріледі. Ал аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйді газға қосу үшін 70 АЕК-ке дейін біржолғы көмек көрсетіледі.

Жұмыс сапары барысында Марат Ахметжанов Қаражар ауылындағы Нурхановтар отбасының үйіне барды. Мұнда газ плитасы іске қосылып, табиғи газдың алғашқы жалыны жағылды.

«Бұрын қыс мезгілінде көмір дайындап, пешті үнемі бақылауға тура келетін. Қазір үйде тұру әлдеқайда ыңғайлы. Отбасымыздың күнделікті өмірінде бұл – үлкен өзгеріс», – деді Нурхановтар отбасы.

Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысы халқының 28 пайызы, яғни шамамен 220 мың адам табиғи газға қол жеткізген. Өңірдегі елді мекендерді газдандыру заманауи коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

Целиноград ауданында газдандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл Қызылсуат ауылында желілер тартылып жатыр. Жоба аяқталғаннан кейін мұнда шамамен 3 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

Сонымен қатар газдандырудың келесі кезеңіне тағы алты ауылды – Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан елді мекендерін қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта аталған ауылдар бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жобаларды іске асыруды келесі жылы бастау көзделген. Олар 30 мыңнан астам тұрғынды қамтиды.

Ақмола облысы Марат Ахметжанов Целиноград
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article19 жыл бұрын жоғалған: Талғардағы мұздықтан табылған адам мүрдесіне қатысты жаңа дерек шықты
Next Article Ақмола облысында жаз бойы мыңға жуық бала қауіпсіздік шараларымен қамтылды

Оқи отырыңыз...

Сотта жеңілген: Алматыда заңсыз дүкендер мен дәмханалар салған кәсіпкер шығынға батты

09.09.20260

Куала-Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08.09.20262

«Адал азаматтан» «Таза Қазақстанға» дейін: Абзал Нүкенов Алматының жастарымен жолығып, ой бөлісті

07.09.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 676

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 263

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 391

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 348

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 961

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 836

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 730

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 702

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 362

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.