Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Дін өкілдеріне тіл тигізген: Байлығымен мастанған Баян Алагөзованың үстінен құқық қорғау органына шағым түсті
Оқиғалар

Дін өкілдеріне тіл тигізген: Байлығымен мастанған Баян Алагөзованың үстінен құқық қорғау органына шағым түсті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы08.09.20261 412
Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy
Белгілі продюсер Баян Алагөзованың әлеуметтік желідегі дінге қатысты пікіріне байланысты құқық қорғау органдарына шағым түсті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Өтініш иесі продюсердің Threads желісіндегі жарияланымдарын тексеріп, оларға құқықтық баға беруді сұраған. Оның пікірінше, аталған жазбаларда діндарларды кемсітетін және қорлайтын тұжырымдар болуы мүмкін.

«Threads әлеуметтік желісіндегі @bayanmaxatkyzy аккаунтында жарияланған жазбаларға тексеру жүргізіп, құқықтық баға беруді сұраймын. Автор дін мен діндарлар туралы көпшілік алдында кемсітетін және қорлайтын сөздер қолданады деп есептеймін», – делінген шағымда.

Өтініште Баян Алагөзованың діни насихаттан шаршағанын айтып, жұмақ пен тозақтың бар екеніне сенбейтінін жазғаны көрсетілген. Сондай-ақ продюсердің жұмақта ер адамдарды «72 хор қызы күтеді» деген түсінікке мысқылмен қарағаны айтылған.

Шағым иесі продюсердің жария мәлімдемелерінде дінаралық араздықты қоздыру белгілерінің бар-жоғын анықтауды сұрап отыр.

Қазіргі уақытта электронды өтініш тіркеу сатысында тұр. Әзірге тексерудің басталғаны немесе іс қозғалғаны туралы ресми ақпарат жоқ.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқал мен бәйбішенің тартысынан шаршаған Тұрсынбек Қабатов АҚШ-қа кететін айтты
Next Article «Жарасымды жұп»: Мөлдір Мұқанова басқа жігітпен көзге түсті (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.