Мөлдір Мұқанованы тастап, жас тоқал алған танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тойлардың бірінде алғаш рет сұхбат берді. Тоқал-бәйбіше тартысы арқылы елдің талқылауына түсуден шаршаған тамада енді Америкаға бармақ, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Ол әлі де концерттерін үздіксіз беріп жүргенін айтты. Өзін әрқашан ақтап отыратын көрермендеріне ризашылығын білдірді.
— Бір жылда екі гастрольге шығамын қазір. Осы жылғы 25-концертімді берейін деп жатырмын. Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ-қа бара жатырмын биыл. Көрермендерім бар Аллаға шүкір. Әрқашан зал лық толы отырады. Көрермендерім мен туралы сұхбат шығып жатса 50 де 50 маған жаны ашып, ақтап алып жатады. Жақсы сөздер жазып жатады, — деді асаба.


