Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Дженсен Хуангтың басына қара бұлт үйірілді: бір күнде 7,4 млрд доллар жоғалтты
Жаңалықтар

Дженсен Хуангтың басына қара бұлт үйірілді: бір күнде 7,4 млрд доллар жоғалтты

НұрланНұрлан10.11.20266
Фото: Kevin Dietsch

Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуангтың жеке байлығы тыңшылыққа қатысты күдікпен басталған ішкі тергеуден кейін 7,4 млрд долларға азайды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Forbes мәліметінше, кәсіпкердің дәулеті 154,7 млрд долларға дейін төмендеп, әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде сегізінші орыннан оныншы орынға түскен.

Байлықтың күрт азаюы 9 қарашада биржалық сауданың алғашқы жарты сағатында тіркелді. Тергеу туралы ақпарат тараған соң Nvidia акциялары арзандап, компанияның нарықтық капитализациясы да төмендеді. Егер бұған дейін компанияның құны 4,5 трлн доллар болса, кейін бұл көрсеткіш 4,29 трлн долларға дейін түскен. Нәтижесінде Nvidia жарты сағат ішінде шамамен 210 млрд доллар жоғалтты.

Жанжалдың ортасында Дженсен Хуангтың Элис Хуанг есімді кәсіпкер әйелмен некеден тыс қарым-қатынасы туралы ақпарат тұр. «Курсив» басылымының 9 қарашадағы мәліметінше, Nvidia басшысы қызметкерлеріне жолдаған хатында мұндай байланысты мойындап, отбасынан кешірім сұраған. Элис Хуанг Сингапурдегі Nvidia чиптерін сатып алатын Megaspeed компаниясымен байланысты. Алайда аты-жөндері бірдей болғанымен, олардың туыстық байланысы жоқ.

АҚШ арнайы қызметтері кәсіпкер әйел Қытайдың мүддесі үшін ақпарат жинауы мүмкін деген күдікке ілінгенін хабарлады. Осыдан кейін Nvidia директорлар кеңесі 8 қарашада тәуелсіз директорлар мен сырттан тартылған заңгерлердің қатысуымен ішкі тергеу басталғанын жариялады. Дженсен Хуанг та тексеруге толық қолдау білдіріп, тергеу жұмыстарына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Дегенмен компанияның директорлар кеңесі әзірге Nvidia-ның құпия ақпараты немесе АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне зиян келгенін растайтын дерек жоқ екенін атап өтті. Сондықтан тергеудің басталуы қандай да бір ақпараттың сыртқа берілгені дәлелденді дегенді білдірмейді.

Жасанды интеллект
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМобильді аударымдар бойынша шекті сома ұлғайды. Енді төлемді жеке картаға қабылдауға бола ма?
Next Article Қазақ тілінің келешегіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ – Тоқаев

Оқи отырыңыз...

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20261

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20261

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202635

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20262

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202687

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202659

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202641

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202629

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.