Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Экс-депутат Азат Перуашевқа «сексуалды қысым жасады» деген айып тағылды
Жаңалықтар

Экс-депутат Азат Перуашевқа «сексуалды қысым жасады» деген айып тағылды

НұрланНұрлан23.09.20261 273
«Ақ жол» партиясының бұрынғы қызметкері ретінде өзін таныстырған әйел Азат Перуашевқа сексуалды қысым көрсетті деп айып тақты. Саясаткер тағылған айыптарды жоққа шығарып, құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

NEGE мәліметінше, әйел әлеуметтік желідегі жазбасында «Ақ жол» партиясында 2022 жылдан бері жұмыс істегенін айтқан. Оның сөзінше, 2024 жылы Азат Перуашев тарапынан жеке сипаттағы ишаралар жасалып, кейін келісімінсіз қол тигізу әрекеттері болған.

Әйелдің айтуынша, ол саясаткердің жұмыстан тыс уақытта кездесуге қатысты ұсынысынан бас тартқаннан кейін жұмыс жағдайы қиындаған. Оның мәлімдеуінше, тапсырмалар мен жұмыстан тыс уақытта атқаратын міндеттер көлемі көбейген. Кейін ол Перуашевпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр болғанын айтқан.

Бұрынғы қызметкер партияда мұндай жағдайға тап болған басқа әйелдер де бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол 2026 жылдың көктемінде партия қызметкерлерінің бірінің жүкті болуынан кейін ұйым ішінде дүрбелең басталғанын алға тартқан. Әйел партия төрағасының ауысуын осы жағдаймен байланыстырады.

Алайда бұл мәлімдемелерді Азат Перуашев жоққа шығарды. Оның айтуынша, аталған материалдың сілтемесі оған 10-15 минуттың ішінде 20-дан астам белгісіз нөмірден жіберілген.

«Мұндай арандатушылық сипаттағы айыптаулардың толығымен жалған әрі негізсіз екенін ресми түрде мәлімдеймін», – деп жазды Перуашев.

Саясаткер ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол жарияланым авторларын заң аясында жауапкершілікке тартуды талап ететінін айтты.

Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты ақпараттың түпнұсқалығына байланысты да сұрақтар туындаған. NEGE жариялаған деректерде материалдың таралуы туралы айтылса, Exclusive.kz редакциясы өз сайтының сыртқы көрінісін қайталайтын клон-сайттарда Перуашев туралы материал жарияланғанын және мұндай мақаланы өзі дайындамағанын мәлімдеді.

Айып Ақ жол партия экс-депутат
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАта-аналардың алаңдауы: Алматының Келешек мектебіне қатысты шу шықты
Next Article Елена Рыбакина тарихи жеңісінен кейін Алматыға келді

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026686

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202611

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026169

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026147

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202620

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.