Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Білім & ғылым»Ата-аналардың алаңдауы: Алматының Келешек мектебіне қатысты шу шықты
Білім & ғылым

Ата-аналардың алаңдауы: Алматының Келешек мектебіне қатысты шу шықты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы23.09.202621
Фото: 2gis
Алматы қаласында биыл ашылған №227 мектептің оқыту тіліне қатысты әлеуметтік желілерде тараған ақпарат тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. Кейбір ата-аналар мектептің аралас форматқа ауысуы мүмкін екені туралы қауесетке байланысты пікір білдіріп, оның қазақ тілінде білім беретін білім ордасы болып қалуын талап етті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Threads әлеуметтік желісінде Алтын City тұрғындарының бірі №227 мектептің аралас оқыту форматына көшуіне қарсылық білдіріп, жазба жариялаған.

«Біздің аудан бойынша өзі екі-ақ қазақ тілді мектеп бар. Баламыз қазақ тілді мектепке оқиды деп Медеу ауданындағы №220 мектептен шығарып, осы мектепке орналастырдық. Мектебіміздің аралас болуына қарсымыз», – деп жазды тұрғын.

Аталған мәселеге байланысты Алматы қаласы Білім басқармасы ресми түсініктеме берді.

«№227 мектеп бастапқыда мемлекеттік тілде білім беретін мектеп ретінде ашылған. Мектептің оқыту тілі оның Жарғысы мен тиісті ресми құжаттарында нақты белгіленген. Қазіргі уақытта №227 мектепті аралас оқыту форматына ауыстыру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Мектеп мемлекеттік тілде білім беруді жалғастырады. Ата-аналарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз», – делінген басқарма жауабында.

Айта кетейік, соңғы уақытта Алматыдағы жаңа мектептердің оқыту тіліне қатысты мәселелер қоғамда қызу талқыланып келеді.

Былтыр қаладағы №224 мектеп төңірегінде де дау туындаған болатын. Тұрғындар мен ата-аналар бастапқыда қазақ тілінде білім беретін мектеп ретінде жоспарланған білім ордасының аралас мектеп болып ашылуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдіріп, бірнеше рет әкімдікке жиналды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, мектептің қазақ тілінде білім беруін сақтап қалуды сұраған.

 

Алматы ана тілі дау Келешек мектеп мемлекеттік тіл шу
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚұрылтай келісім берді: Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады
Next Article Экс-депутат Азат Перуашевқа «сексуалды қысым жасады» деген айып тағылды

Оқи отырыңыз...

Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды — прокуратура

02.10.20267

Тоқаев: Жасанды интеллект адам өмірін түбегейлі өзгертіп жатыр

01.10.20267

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

01.10.20266
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20264

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026682

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202611

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026168

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026146

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202620

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.