Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Күш-жігер, мықты мінез және саналы таңдау: Алматы маңында өткен Race Nation жарысына 1800 адам қатысты
Жаңалықтар

Күш-жігер, мықты мінез және саналы таңдау: Алматы маңында өткен Race Nation жарысына 1800 адам қатысты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы10.08.20263
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында өткен Basqaru Race Nation Kazakhstan 2026 жарысына елімізден және басқа да мемлекеттерден келген шамамен 1800 адам қатысты. Олар арқанмен өрмелеп, биік қабырғалардан асып, лай мен суды еңсеріп, күш-жігерді талап ететін түрлі кедергілерден өтті. Сайыс биік өрлері бар таулы жерде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Алматы облысының еріктілері мен белсенді жастары трассаның жекелеген учаскелерінде кезекшілік етіп, күрделі кедергілерден өткен спортшыларға көмектесті. Қажет болған жағдайда қатысушылардың жағдайы туралы ақпаратты медицина қызметкерлеріне хабарлап, оларды ауыз сумен қамтамасыз етті.

Айта кетейік, ауыз су бөтелкелерінде 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетіні туралы ақпарат орналастырылған. Еріктілер жарысқа қатысушылар мен іс-шара қонақтардың сайлауға қатысты сұрақтарына да жауап берді. Осылайша, ауқымды спорттық шара тұрғындарды Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы ақпараттандыруға арналған қосымша алаңға айналды.

Жарыс барысында қатысушылар мен қонақтарға 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы ақпарат басылған ауызсу таратылды. Осылайша бұқаралық спорттық іс-шара өңір тұрғындары мен қонақтарын дауыс беру күнінен хабардар етті.

Жарыс 5 және 10 шақырымдық қашықтықтар бойынша ұйымдастырылды. Ең күрделі сынақтар 10 шақырымдық трассада жалғасты, мұнда спортшылар 50-ге жуық түрлі кедергіден өтуге тиіс болды.

Балалар үшін де жеке кедергілер жолағы ұйымдастырылды. 7-10 жас аралығындағы қатысушылар 1 шақырым, ал 11-14 жастағылар күрделірек элементтері бар 2 шақырымдық қашықтықты еңсерді. 15 жастан асқан жасөспірімдер 3 шақырымдық ересектерге арналған дистанцияға шыға алды. Ұйымдастырушылар ата-алалардың келісімімен дайындығы жақсы бүлдіршіндердің де жарысқа қатысуына мүмкіндік берді. Осылайша, ең жас қатысушысы шамамен бес жаста болды.

Бұл жарыс өңірдің туризм саласы үшін де маңызды оқиғаға айналды. Алматы облысының Туризм басқармасы мұндай ауқымды спорттық іс-шаралар өңірдегі спорттық және оқиғалық туризмнің дамуына серпін беретінін атап өтті. Өйткені жарысқа спортшылармен бірге олардың отбасы мүшелері мен жанкүйерлері де турист ретінде келеді.

Жарыста 5 және 10 шақырымдық қашықтықтар бойынша жеңімпаздар анықталды. «Elite 10» санатында 18-39 жас аралығындағы ерлер арасында бірінші болып 1:16:39 уақытта Ресейден келген Дмитрий Горев мәреге жетті. Одан қазақстандық Алмас Рахымбаев небәрі 59 секундқа қалып, 1:17:38 нәтижесімен екінші орын алды. Үшінші орынға Әли Рахметов ие болды, ол 1:19:54 уақытта келді. Әйелдер арасында ең үздік нәтижені Анастасия Алексеева көрсетті, ол 2:10:25 уақытта жарыс мәресін сызды.

«Elite 5» санатында ерлер арасында Қырғызстан өкілі Арсений Шашичев 59:55 нәтижесімен жеңіске жетті. Қазақстандық Дархан Сүйімбаев 1:00:53 нәтижесімен екінші орын алса, Әшім Жұмабеков 1:03:20 нәтижесімен үшінші орыннан көрінді. Әйелдер арасында қашықтықты ең жылдам бағындырған қазақстандық Олеся Грязнова болды, ол 2:17:25 уақытта келді.

«Elite 10 (40+)» санатында ерлер арасында жеңісті Ильназ Басыров 1:25:31 нәтижесімен жеңіп алды. Әйелдер арасында Анастасия Цехотская 2:34:37 нәтижесімен үздік атанды. 5 шақырымдық командалық жарыста Sprint Club Almaty, ал 10 шақырымдық командалық сайыста Jaubasar Almaty жеңімпаз болды.
Basqaru Race Nation Kazakhstan 2026 жарысының жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады. Іс-шараны «Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

 

Жалпы Race Nation жарысы Қазақстанда 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде кейбір қатысушылар балалар арасындағы жарыстардан бастап, толыққанды ересектер арасындағы бәсекелі қашықтықтарға дейінгі жолдан өтті.

Еске салайық, 23 тамызда Қазақстанда еліміздің жаңа Парламенті — Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБастап теуіп, естен тандырды: Жетісу облысында қарбыз сатқан әйелдер бірін бірі соққыға жықты (видео)
Next Article Түсім 1,5 млн доллар: Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.