Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Кемеге мінген жоқпыз»: Маңғыстауда оқу-жаттығуға қатысқан әскери қызметкерлерден жаңа дерек (ВИДЕО)
Жаңалықтар

«Кемеге мінген жоқпыз»: Маңғыстауда оқу-жаттығуға қатысқан әскери қызметкерлерден жаңа дерек (ВИДЕО)

НұрланНұрлан28.09.20262 675
Фото: видео скриншот

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметкердің қаза табуынан кейін әлеуметтік желіде Айнар Ахметов пен Әли Мағауияның қайда болғаны туралы сұрақтар пайда болды. Кей жазбаларда олардың теңізде болғаны айтылып, туыстары сарбаздардың жағдайына алаңдаған. Қорғаныс министрлігі екі сарбазды ел алдына шығарып, дауға нүкте қойғысы келді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Қорғаныс министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді. Олар екі сарбаздың теңізге кеткен 17 әскери қызметкердің қатарында болмағанын мәлімдеді.

Оқу-жаттығуға қатысқан әскери қызметкерлердің барлығы бірдей теңізде болмаған. Әрқайсысына жеке оқу міндеттері берілген.

“Оқу-жаттығу кезінде барлығына жеке тапсырма беріледі. Осы екі сарбазға қатысты да нақты міндеттер болған. Олар тапсырмаларын жағалауда орындады”, – деді Қорғаныс министрлігі өкілі.

Қорғаныс министрлігі екі сарбаздың әскери бөлімде екенін көрсетіп, олардың өзіне бірнеше сұрақ қойылған видеоны жариялады.

Алдымен Әли Мағауиядан 24 қыркүйекте қайда болғаны сұралды.

“Мен сол күні теңіз жағалауында болдым. Кемеге мінген жоқпын. Өзіме берілген міндетті, яғни теңіз жағалауын күзетуді атқардым”, – деді ол.

Әскери қызметкердің айтуынша, сол күні оған ұялы телефон қолдануға мүмкіндік берілген.

“Ата-анаммен сөйлесіп, өзімнің хәл-жағдайым жақсы екенін жеткіздім”, – деді Әли Мағауия.

Ал Айнар Ахметов те 24 қыркүйекте теңіз жағалауында болғанын және кемеге отырмағанын айтты.

“24 қыркүйек күні теңіз жағалауында болдым. Кемеге мінген жоқпын”, – деді Айнар.

Ол оқиғадан кейін үйдегілермен байланысқанын да айтты.

“Иә, хабарластым. Өзімнің хәл-жағдайымды айтып, менде бәрі жақсы екенін жеткіздім”, – деді әскери қызметкер.

Қорғаныс министрлігі қоғамды тек ресми ақпаратқа сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

ақтау сарбаздар өлімі
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қаза тапқан сарбаздың анасы теңізге барды»: желіде теңіз жағасында жылап отырған ананың видеосы тарады
Next Article «Неге намысқа беріліп секірдің, досым?..»: қайғылы оқиғадан қаза тапқан аға лейтенантты досы жоқтады

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026707

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202612

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026189

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026151

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.