Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Ұлын шанышқымен, қызын үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларын қорлаған әйел ұзақ жылға сотталып кетті
Қоғам

Ұлын шанышқымен, қызын үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларын қорлаған әйел ұзақ жылға сотталып кетті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы09.08.20265
Фото: istockphoto.com

Шымкентте өз балаларын азаптады деп айыпталған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың мәліметінше, әйел 9 жастағы ұлы мен 11 жастағы қызына қорлық көрсеткен.

Тергеу нұсқасы бойынша, бәрі әйелдің ұлын темекімен көргенінен басталған. Ол баланы ұрып-соғып, кейін қыздырылған шанышқымен аузын күйдірген.

Келесі күні әйел баланың кешірім сұрағанына қарамастан, оны тағы да соққыға жыққан. Ал арада екі күн өткен соң балаларды 10 мың теңге ұрлады деп күдіктеніп, ұлының бетін ыстық үтікпен, қызының ішін күйдірген.

Одан кейін анасы балалардың шашын тақырлап алып тастаған. Сотта бұл әрекет балаларға психологиялық зардап келтіргені айтылды.

Сондай-ақ әйелдің балаларды өзенге апарып, мұздай суға секіруге мәжбүрлегені, кейін оларды қылқындырғаны анықталды.

Сотта әйелдің кінәсі балалардың өз жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға орнын қарау материалдарымен және айыпталушының мойындауымен дәлелденген.

Прокурор әйелді 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал жәбірленушілердің өкілі – әйелдің бұрынғы енесі – сотталушыны кешіргенін айтқан.

Айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, өзін колонияға жібермеуді сұраған.

«Сот жеңілдететін мән-жай ретінде кінәні мойындау мен өкінуді ескерді. Сондай-ақ әйелдің ата-ана құқығы шектелгені назарға алынды. Нәтижесінде сот оны Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1 және 2-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТойдағы уағыз үшін қамалған қарияның қызы Президенттен көмек сұрады (ВИДЕО)
Next Article 65-те 65: Астанадағы бір мектептің түлектері толығымен оқу грантына ие болды

Оқи отырыңыз...

«5 қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салынған»: Ұлдана Мырзуан қаза болған үйге қатысты сотта жаңа дерек айтылды

09.09.202634

17 жасында үйленіп, ажырасқан: Ақтөбеде ауруханаға түскен сарбазға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

09.09.2026286

Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған

09.09.202663
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 687

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 269

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 397

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 362

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 970

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 849

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 731

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 705

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 364

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.