Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Тойдағы уағыз үшін қамалған қарияның қызы Президенттен көмек сұрады (ВИДЕО)
Оқиғалар

Тойдағы уағыз үшін қамалған қарияның қызы Президенттен көмек сұрады (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы08.08.202619
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысының Жетісай қаласындағы тойда діни уағыз айтып, әншілер мен әйелдерге тіл тигізгені үшін қамауға алынған 66 жастағы ақсақалдың қызы Наргиза Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Бейнеүндеуде ол әкесінің радикал емес екенін айтып, бұл жағдайға әділ құқықтық баға берілуін сұраған.

 «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің есімім Наргиза. Мен өз қарындасының тойында исламдағы музыканың орны туралы және басқа да өз пікірлерін білдірген сол ақсақалдың қызымын. Менің әкем ешқашан радикал болған емес. Ол ешқашан экстремизмге шақырмаған, ешқандай діни топтар құрмаған және мемлекет пен қоғамға қарсы бағытталған идеяларды үгіттемеген. Әкем бізді әрқашан заңды өкіметті құрметтеуге және мемлекетке қарсы шықпауға үйретті. Ол ешқашан бағынбауға, билікпен қақтығысуға немесе қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес. Сөзімнің соңында Сізге жеке өтініш білдіргім келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде жүздеген адамдар, оның ішінде блогерлер мен танымал қоғам өкілдері, әкемнің өмір жолын, оқиғаның мән-жайын және ол бастан кешірген ауыр сындарды білмей тұрып, бұл бейнежазбаны таратып, оны алдын ала айыптауда. Көбісі балағат сөздер мен қорлау сөздерін қолданып, әкемнің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіріп жатыр. Көптеген адамдар обьективті тергеу нәтижелерін де күтпестен, өздері үкім шығарып қойған. Сізден құзыретті мемлекеттік органдарға осы әрекеттерге тиісті құқықтық баға беру туралы тапсырма беруіңізді сұраймын», — деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісайдағы тойлардың бірінде белгісіз ер адамның жиналған қауымға «музыка шайтанның әуені» деп уағыз айтып, әншілер мен әйелдердің дастархан басында отыруын сынға алған видеосы тараған болатын. Кейіннен полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтап, қамауға алды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖыланның аяғы: ардагер ұстаз сахнаның киесін жоққа шығарған Бекболат Тілеуханның пиғылына баға берді
Next Article Ұлын шанышқымен, қызын үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларын қорлаған әйел ұзақ жылға сотталып кетті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.