Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Мәдениет және ақпарат министрі Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты
Жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат министрі Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы29.09.20264
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Санкт-Петербургте өткен XII Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты. Форумға шетелдік 43 ресми делегация жиналды. Соның 18-іне мәдениет министрлері жетекшілік етті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Форум аясында Арман Қырықбаев Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті.

Кездесу басында Ольга Любимова Маңғыстау облысында қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Тараптар Қазақстан мен Ресейдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның жұмысы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды. Кіші комиссияның бесінші отырысын 2027 жылдың бірінші жартысында Астанада өткізу жоспарланып отыр.

Алдағы бірлескен мәдени жобалар да талқыланды. 8 қазанда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Наследие эпохи. Искусство ХХ века из собрания Государственной Третьяковской галереи» көрмесі ашылады. Көрмеге 30 туынды қойылады. Сондай-ақ тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» жобасын өткізу жайын қарастырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Арман Қырықбаев Ольга Любимоваға II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Ольга Любимова Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екі елдің мәдени байланыстарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев Германияға ресми сапармен барды
Next Article «Қыз-қырқынмен көп жүрдім»: Алмат Сақатов жастық шағы туралы ашылып айтты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026742

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026207

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026165

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.