Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Мәскеуден Алматыға ұшып келе жатқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды
Жаңалықтар

Мәскеуден Алматыға ұшып келе жатқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы09.11.202613

Фото: 2gis.kz

Мәскеуден Алматыға ұшып шыққан SCAT ұшағы жолда Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Оқиғадан кейін жолаушылар әуе компаниясына наразылық білдірді. Олардың айтуынша, ұшақтан түскен соң біраз уақыт сусыз, тамақсыз әрі не болғанын білмей күтуге тура келген, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық жолаушы Threads әлеуметтік желісінде оқиғаны жазып, әуе компанияны сынға алды.

«Бүгін SCAT әуе компаниясының Мәскеу–Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонды. Мұндай жағдайдың болғанын түсінемін. Ұшақтағы жолаушылардың бәрі де қатты қорықты. Бірақ SCAT, неге жолаушыларға тіпті су да ұсынбадыңыздар? Біз наразылық білдіріп, шу шығарғанға дейін қорыққан, абдырап қалған жолаушыларды сусыз, тамақсыз және ең бастысы, ешқандай ақпарат бермей, аяқтарынан тік тұрғызып қойдыңыздар», – деп жазды жолаушы.

Жолаушылардың айтуынша, оларды тіркеу орнының жанында бірнеше сағат бойы аяқтан тік тұрғызып қойған.

«Бортсеріктердің әрекеті де көңілден шықпады. Су сұрағанымда да менсінбей жауап берді. Тіпті жолаушылар су сұраса да, кабинадан шықпайды. Адамгершілік танытпады. SCAT үшін ұят», – деп жазды тағы бір жолаушы.

Ал SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшақтың Астанаға қонғанын растады.

«Мәскеу–Алматы бағыты бойынша ұшу кезінде ұшақтың борттық жүйесінде ескерту индикаторы іске қосылды. Осыған байланысты экипаж Астана қаласындағы базалық әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қонды. Жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін әуе компаниясы қосымша ұшақ бөлді. Оны күту кезінде жолаушыларға салқын сусындар ұсынылды», – делінген хабарламада.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев: Қазақстан бүкіл әлемге зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде мойындалды
Next Article Мексикалықты нокаутқа түсірген Бек Нұрмағанбет IBF рейтингінде үздік бестікке енді

Оқи отырыңыз...

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20264

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.202679

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202610

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20264

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202684

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202690

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202662

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.