Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Маңғыстауда бір отбасының төрт адамы жансақтау бөліміне түсті
Жаңалықтар

Маңғыстауда бір отбасының төрт адамы жансақтау бөліміне түсті

НұрланНұрлан21.09.202645
Фото: Qaz365.kz

Маңғыстау облысында үш ересек адам мен бір бала ботулизм белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Төртеуінің де жағдайы ауыр, қазір олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мамандар улануға үй жағдайында дайындалған салқын ысталған балық себеп болуы мүмкін деп болжап отыр. Бұл туралы  хабарлайды Muztaumedia.kz.  Lada-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Марал Қадырдың мәліметінше, Мұнайлы ауданының үш тұрғыны облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылған. Ал 9 жас 10 айлық бала облыстық балалар көпбейінді ауруханасының инфекциялық бөліміне түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер 17 қыркүйекте отбасылық басқосуда үй жағдайында дайындалған салқын ысталған балық жеген. Балық бұған дейін тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталған. Отбасы мүшелері оны шамамен сағат 20:00 мен 21:00 аралығында тұтынған.

Уланудың алғашқы белгілері келесі күні, 18 қыркүйек кешке байқалған. Ал 19 қыркүйекте науқастар медициналық көмекке жүгінген.

Марал Қадырдың айтуынша, бастапқыда зардап шеккендердің жүрегі айнып, бірнеше рет құсқан. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін олардың жағдайы ауыр деп бағаланған.

“Негізгі белгілердің қатарында әлсіздік, бас айналу, жұтыну мен көрудің қиындауы, тамақтың жыбырлауы мен құрғауы, көздің бұлдырауы және заттың қосарланып көрінуі, сондай-ақ сананың бұзылуы байқалды”, – деді Марал Қадыр.

Қазір төрт науқас та ауыр жағдайда жатыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер детоксикациялық және симптоматикалық ем жүргізіп, ботулизмге қарсы арнайы сарысу енгізген.

Осы жағдайдан кейін дәрігерлер тұрғындарға үй жағдайында дайындалатын және тез бұзылатын тағамдарды сақтау кезінде ерекше сақ болуды ескертті. Азық-түліктің жарамдылық мерзіміне мән беріп, санитарлық талаптар сақталмаған сауда орындарынан өнім сатып алмауға кеңес берді.

Сондай-ақ уланудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда өз бетінше емделмей, мүмкіндігінше тез медициналық көмекке жүгіну қажет.

аурухана маңғыстау отбасы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚонаевта бала көлік астына түсіп, қаза тапты
Next Article «Кәусар да әкесінің алдынан жүгіріп шықсын»: Төреғали Төреәлі ұзақ уақыттан кейін отбасымен жылап қауышты

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026690

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202611

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026175

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026149

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202620

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.