Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»«Машинаны қызым сатып алған»: Ұлдананың анасы ақшаны қалтаға басып, жылдам үйленіп алған күйеубаласына өкпелі (ВИДЕО)
Қоғам

«Машинаны қызым сатып алған»: Ұлдананың анасы ақшаны қалтаға басып, жылдам үйленіп алған күйеубаласына өкпелі (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы31.07.20261 449
Әлеуметтік желіде марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуаның өлімі мен оның бұрынғы жұбайы Зейнел Әділеттің арада сегіз ай өтпей қайта шаңырақ көтеруіне қатысты қызу талқылау жалғасуда. Көпшіліктің сауалдарына байланысты марқұмның анасы Салима Ершанкулқызы алғаш рет ресми мәлімдеме жасап, өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Салима Ершанкулқызының айтуынша, Әділеттің қайта отбасын құрғанын олар алдын ала білмеген және бұл мәселеге қатысты күйеу баласының да, оның ата-анасының да өздеріне келіп, пікір алмағанын айтты.

«Мен – Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызының анасы Салима Ершанкулқызымын. Көпшіліктің өтініші бойынша осы мәлімдемені жасап отырмын. «Әділеттің бүгінгі әрекетіне қатысты алдымыздан өтті ме?» деген сұрақтар көп қойылып жатыр. Жоқ, ол да, ата-анасы да, үлкендері де бізге келген жоқ», – деді ол.

Марқұмның анасы қызының қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда Зейнел Әділет іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған. Алайда ол бұл мәртебеден бас тартуы керек деп есептейді.

Сонымен қатар Салима Ершанкулқызы Ұлдананың өз қаражатына сатып алған автокөлік 2025 жылдың 18 қарашасынан 2026 жылдың 22 шілдесіне дейін Әділеттің иелігінде болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, көлік тек 22 шілдеде ғана марқұмның ата-анасының атына рәсімделген.

Сөз соңында ол қызының заңды құқықтары мен мүддесін қорғау үшін соңына дейін күресетінін жеткізді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКішісі бір айлық: Түркістан облысында 5 баланың әкесін көше ортасында пышақтап өлтірді
Next Article Жаңа ереже, қатал заң: тамызда Қазақстанды ауқымды саяси өзгерістер күтіп тұр

Оқи отырыңыз...

«5 қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салынған»: Ұлдана Мырзуан қаза болған үйге қатысты сотта жаңа дерек айтылды

09.09.202634

17 жасында үйленіп, ажырасқан: Ақтөбеде ауруханаға түскен сарбазға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

09.09.2026286

Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған

09.09.202663
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 687

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 269

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 397

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 362

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 970

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 849

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 731

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 705

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 364

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.