Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жаңа ереже, қатал заң: тамызда Қазақстанды ауқымды саяси өзгерістер күтіп тұр
Жаңалықтар

Жаңа ереже, қатал заң: тамызда Қазақстанды ауқымды саяси өзгерістер күтіп тұр

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы31.07.202616
Фото: aikyn.kz

Тамыз айы қазақстандықтар үшін бірқатармаңызды өзгерістермен басталмақ. Жаңа ережелер күшіне еніп, талапкерлер грант нәтижесін күтеді, әйелдерге арналған жаңа ипотекалық бағдарламаіске қосылады, ал электросамокат жүргізушілеріне қатысты талаптар қатаңдайды, деп жазады Muztaumedia.kz тілшісі.

Демалыс күндері

2026 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн демалады. Оның бесеуі сенбіге, бесеуі жексенбіге сәйкес келеді. Биыл тамыз айында мемлекеттік мереке жоқ. Себебі 30 тамыз – Конституция күні мерекелік демалыс күндерініңқатарынан алынып тасталды. Сондықтан қосымша демалыс немесе жұмыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған. Бес күндік жұмыс аптасында – 21 жұмыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні болады. 

Тамыздағы атаулы күндер

Мемлекеттік мерекелер болмаса да, тамызда кәсіби және тарихи маңызы бар бірнеше дата атап өтіледі:

* 2 тамыз – Теміржол көлігі қызметкерлері күні;

* 9 тамыз – Құрылысшылар күні;

* 10 тамыз – Абай күні;

* 16 тамыз – Спорт күні;

* 18 тамыз – Шекарашылар күні;

* 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

* 30 тамыз – Шахтерлер күні. 

1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталады

2026-2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқат құжат қабылдау 31 тамызда аяқталады. Өтініштер eGov порталы арқылы қабылданады. Бірінші сыныпқа биыл алты жасқа толған немесе жыл соңына дейін алты жасқа толатын балалар қабылданады.

Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы өтеді

23 тамызда Қазақстанда алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Жаңа бір палаталы парламент құрамына 145 депутат сайланады. Сайлау партиялық тізімдер бойынша ұйымдастырылып, әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар азаматтарға арналған 30 пайыздық квота сақталады.

Электросамокат жүргізушілеріне жаңа талаптар

25 тамыздан бастап электросамокаттарды пайдалану ережелері өзгереді.

Жаңа талаптарға сәйкес:

* тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады;

* жолдың жүріс бөлігінде тек 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар және қорғаныс шлемін киген азаматтар ғана қозғала алады;

* қалған пайдаланушылар велосипед жолақтарымен веложолдарды қолдануы тиіс. 

Мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза күшейеді

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі. Жаңа талапқа сәйкес, мас болып көлік жүргізген азаматтар 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ болса да, мас күйінде рөлге отырған азаматтар 8 жыл бойы жүргізуші куәлігін ала алмайды. Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер үшін міндетті медициналық тексеру енгізіледі. Олар екі жылда бір рет денсаулық жағдайын растайтын медициналық тексеруден өтуге міндетті болады.

Аталған өзгерістер жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дәрігерге қаралу тәртібі жеңілдейді

2026 жылғы 3 тамыздан бастап Қазақстанда амбулаториялық медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізіледі. Соның нәтижесінде азаматтардың бейінді дәрігерлерге қаралуы жеңілдейді. Жаңа тәртіпке сәйкес, пациент кардиолог, невролог, эндокринолог және басқа да бейінді мамандардың қабылдауында болған кезде, дәрігер қажеттілік туындаса, оны диагностикадан өткізуге және қосымша үш маманның консультациясына өздігінен жібере алады. Бұған дейін мұндай жағдайда пациентке жаңа жолдама алу үшін қайтадан учаскелік дәрігердің қабылдауына баруға тура келетін. Сонымен қатар, өзгерістер аясында кейбір бейінді дәрігерлердің қабылдауына жазылу үшін енді міндетті түрде алдымен учаскелік терапевтке қаралудың қажеті болмайды. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, пациенттердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Білім гранттарының нәтижесі жарияланады

2026 жылғы мемлекеттік білім гранттарыныңқорытындысы 10 тамызға дейін белгілі болады.Талапкерлер нәтижені eGov порталындағы жекекабинет арқылы көре алады. Егер грант берілмесе, жүйе оның себебін де көрсетеді.

Киік мүйізін сату тәртібі өзгереді

4 тамыздан бастап киік мүйіздерін сатудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді киік мүйіздері мен одан дайындалған өнімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің электронды сауда алаңында аукцион арқылы өткізіледі. Аукциондар кемінде тоқсанынабір рет ұйымдастырылып, ең жоғары баға ұсынғанқатысушы жеңімпаз атанады.

Перзентханаларға тексеріс жүргізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі 15 тамызға дейінелдегі 69 перзентхананы тексеруді жоспарлап отыр.Тексеру барысында медициналық мекемелердің санитарлық талаптарды сақтауына, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, бір реттік медициналық құралдардың жеткіліктілігіне және медицина қызметкерлерінің даярлығына ерекше назар аударылады. 

«Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Тамыз айында әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасы қайта іске қосылады.Бағдарламаға 45 млрд теңге бөлінген.

Негізгі талаптары:

* ресми табыстың болуы;

* соңғы алты айда зейнетақы аударымдарыныңтұрақты жасалуы;

* несие сомасы – 50 млн теңгеге дейін;

* мерзімі – 25 жылға дейін.

Бағдарлама тек алғашқы баспана сатып алуға емес, тұрғын үй жағдайын жақсартуға да мүмкіндік береді.

Алимент төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда алимент төлеу тәртібі өзгереді. Енді алимент төлемдері тек арнайы банктік шоттарға аударылатын болады. Жаңа талаптың мақсаты – балалар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарға арналған қаражатты басқа қарыздар бойынша бұғаттаудан немесе өндіріп алудан қорғау. Әділет министрлігінің мәліметінше, алиментке арналған арнайы шоттағы қаражатқа бұғат қоюға немесе оған тыйым салуға жол берілмейді. Бұл алимент қаражатының толық көлемде алушының қажеттілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа тәртіпке сәйкес, алимент алушылар екінші деңгейлі банктердің бірінен арнайы шот ашып, оның деректемелерін сот орындаушысына ұсынуы қажет. Осыдан кейін алимент төлемдері тек сол арнайы шотқа аударылатын болады.

Туристік гидтердің жұмысына жаңа талаптар енгізіледі

1 тамыздан бастап гидтер, экскурсия жетекшілерімен туризм нұсқаушылары жаңартылған ережемен жұмыс істейді. Жаңа талаптарға сәйкес туристік қызмет міндетті түрде келісімшарт негізінде көрсетіледі. Сонымен қатар гидтер саяхат басталғанға дейін маршруттың ерекшеліктері, қауіпсіздік талаптары және ықтимал тәуекелдер туралы алдын ала ақпарат беруге міндетті болады.Осылайша, тамыз айы қазақстандықтар үшін білім, тұрғын үй, көлік, туризм және мемлекеттік басқару салаларындағы бірқатар маңызды өзгерістермен есте қалмақ. Сондықтан жаңа талаптар мен мерзімдерді алдын ала білген жөн.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Машинаны қызым сатып алған»: Ұлдананың анасы ақшаны қалтаға басып, жылдам үйленіп алған күйеубаласына өкпелі (ВИДЕО)
Next Article Жоғалған әпкелі-інілі бауырлар қасақана өлтірілген: қылмыстық тоқ мүрделерді көрсетті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026373

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.