Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Мемлекет басшысы Sunwah Group төрағасы Цай Гуаньшэньді қабылдады
Басты ақпарат

Мемлекет басшысы Sunwah Group төрағасы Цай Гуаньшэньді қабылдады

НұрланНұрлан25.09.20266
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы, Sunwah Group корпорациясының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Мемлекет басшысы іскерлік ортаның 500-ден астам өкілі, соның ішінде 300-ге жуық қытай кәсіпкерлері бас қосқан Алматыдағы «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумын ұйымдастыруға Цай Гуаньшэньнің қосқан үлесін жоғары бағалады.

Президент форумды екі елдің мемлекеттік органдары, қаржы институттары мен бизнес өкілдері арасында тікелей байланыс орнататын тұрақты алаңға айналдыру маңызды екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысының айтуынша, негізгі міндет – қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, инвестициялық ықпалдастықты кеңейту және бірлескен жаңа өндіріс орындарын құру. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті. Бұл ретте Президент Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасына форумның басты институционалдық серіктестерінің бірі болуды ұсынды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Гонконгпен ынтымақтастықты Қытаймен сан қырлы қарым-қатынастың маңызды бөлігі ретінде қарастыратынын айтты. Цай Гуаньшэнь Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу бастамасына қолдау білдірді.

Сондай-ақ өз тарапынан іс-шараны ұйымдастыру ісіне атсалысуға дайын екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, Қытай бизнесі Қазақстанның инвестициялық келешегіне толық сенім артатынын және тың бағыттарда жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті. Бұл ретте жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, қаржы инфрақұрылымы, өнеркәсіптік кооперация, сондай-ақ Alatau City жобасына қатысу ынтымақтастықтың перспективті салалары ретінде айқындалды.

Қытай Тоқаев форум
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Өзінен кіші сарбаздарды құтқарамын деп қаза тапты»: Маңғыстауда қаза тапқан аға лейтенант туралы тың дерек
Next Article Қаза тапқан түркістандық сарбаздың денесі туған жеріне жеткізілді

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026742

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026207

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026165

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.