Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»465 млн теңге айыппұл, 13 ұйым лицензиясыз қалды: Тоқаевқа есеп берілді
Басты ақпарат

465 млн теңге айыппұл, 13 ұйым лицензиясыз қалды: Тоқаевқа есеп берілді

НұрланНұрлан09.09.20264
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдап, қаржы нарығының биылғы сегіз айдағы жұмысының нәтижелерін тыңдады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Мәдина Әбілқасымова банктер туралы жаңа заңды іске асыру аясында заңға тәуелді актілер толық жаңартылып, 80 нормативтік-құқықтық акт қабылданғанын баяндады.

Банктердің активтері 6,9%-ға өсіп, 75,6 трлн теңгеге жеткен. Капиталдың жеткіліктілігі 20,7%-ды құрады.

Сегіз айда қаржы секторы субъектілеріне 279 инспекторлық тексеру жүргізіліп, 190 қадағалау шарасы қолданылған. Нәтижесінде 465 млн теңге айыппұл салынды.

Микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығында жұмыс істейтін 13 ұйым лицензиясынан айырылды. Алты ұйымның лицензиясы уақытша тоқтатылып, төрт коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылды.

Кәсіпкерлікке берілген кредит көлемі де өсті. Бизнеске арналған кредиттер 3,5%-ға артып, 16 трлн теңгеге жеткен. Жыл басынан бері кәсіпкерлікке жаңадан берілген кредит көлемі 19,1%-ға өсіп, 12,5 трлн теңгені құрады.

Реттеу шараларының нәтижесінде жеті айда тұтынушылық кредиттің өсімі 4,6%-ға дейін баяулаған.

Шілде айынан бастап мерзімі өткен берешекті ұжымдық реттеуге арналған Finkelisim.kz платформасы іске қосылды. Жыл соңына дейін азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарайтын Бірыңғай қаржы омбудсмені кеңсесі жұмысын бастайды.

Сонымен қатар 2030 жылға дейін капитал және сақтандыру нарықтарын дамыту бағдарламалары, сондай-ақ «Капитал нарығы туралы» және «Сақтандыру нарығы туралы» жаңа заң жобалары әзірленіп жатыр.

Қаржы секторына жасанды интеллект енгізу мәселесіне де назар аударылды. Агенттік FinAI бірыңғай қадағалау платформасын құрған. Жыл соңына дейін қаржы нарығына жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын әзірлеу жоспарланған.

Кездесу қорытындысында Президент қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қаржы саласында жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану, экономиканың нақты секторларын кредиттеуді арттыру, сондай-ақ капитал және сақтандыру нарықтарын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ақорда қаржы нарығы Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ғашықпын саған, ғажабым»: Олжас Абай Дариға Бадықоваға сезімін ашық жеткізді
Next Article Таразда 29 жастағы жігіт соққыдан тіл тартпай кетті: туыстары әділдік сұрады

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026362

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Қазақстанда доллар бағамы тағы құлдырады

30.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026307

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202617

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.