Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Таразда 29 жастағы жігіт соққыдан тіл тартпай кетті: туыстары әділдік сұрады
Қоғам

Таразда 29 жастағы жігіт соққыдан тіл тартпай кетті: туыстары әділдік сұрады

НұрланНұрлан09.09.2026113
Фото: әлеуметтік желіден

Таразда 29 жастағы Думан есімді азамат ауыр соққыдан кейін ауруханада көз жұмды. Марқұмның туыстары оның өліміне қатысты мән-жайларды айтып, іске қатысы бар адамдардың барлығы жауапқа тартылуын талап етіп отыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Дереккөз мәліметінше, Думан ауруханада жұмыс істеген. Бір күні оның емделушілерінің бірінің бұрынғы күйеуі оған бірнеше рет қоңырау шалып, балағаттаған әрі кездесуге шақырған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, кездесуге үш адам келген. Олар Думанды басынан ұрып, көліктің жүксалғышына күштеп салып, кейін Аса өзенінің маңына апарған. Сол жерде оны қатты соққыға жыққан деген болжам бар.

Ес-түссіз жатқан Думанды кейін өзінің көлігіне салып, ауруханаға жеткізген. Туыстарының сөзінше, күдіктілер медицина қызметкерлеріне оны көшеден тауып алғандарын айтқан. Алайда Думан есін жимастан қайтыс болды.

Марқұмның әпкесі полиция бастапқыда үш адамды ұстағанын, кейін олардың екеуі босатылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ оның айтуынша, негізгі күдікті Думанның емделушісі болған әйелге бұған дейін де бірнеше рет қол көтерген.

Туыстары Думан мен әйелдің арасында жұмыстан тыс ешқандай қарым-қатынас болмағанын алға тартып отыр. Олардың сөзінше, телефондағы хат алмасулар да мұны растайды.

Думан екі күннен кейін 30 жасқа толуы керек еді. Оның артында екі кішкентай қызы қалды. Отбасы оқиғаға қатысы бар барлық адамның анықталып, заң алдында жауап беруін талап етуде.

адам қаза тапты адам өлімі тараз
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article465 млн теңге айыппұл, 13 ұйым лицензиясыз қалды: Тоқаевқа есеп берілді
Next Article Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Оқи отырыңыз...

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұмысшы қаза тапты

30.10.20262

Танымал британдық актер Патрик Стюарт 86 жасында қайтыс болды

30.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.