Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Прокурорлар журналист Александра Алёхованың жазасын жеңілдетуді сұрады
Жаңалықтар

Прокурорлар журналист Александра Алёхованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.08.20264
Фото: ашық дереккөз
Алматы қаласының прокуратурасы журналист Александра Сенцоваға (Алёхова) қатысты шығарылған үкімге апелляциялық өтінішхат енгізіп, жазаны жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Қадағалау органының мәліметінше, Сенцова бұрын сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылып отыр, кәмелетке толмаған баласы бар және тұрғылықты жері бойынша оң мінездемеге ие. Сондай-ақ оның әрекеттерінде жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Осыған байланысты прокуратура соттан тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрап, апелляциялық өтінішхат жолдаған.

Прокуратура өкілдері бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайтынын атап өтті.

Еске салайық, 3 тамыз күні Алматы қаласының Алмалы аудандық соты журналист Александра Алёхованы үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Алайда жаза бес жылға кейінге шегеріліп, оған 2031 жылға дейін сынақ мерзімі белгіленді. Сонымен қатар сот журналистің үш жыл бойы журналистік қызметпен айналысуына тыйым салды.

Қылмыстық іс Александра Алёхованың 2022–2024 жылдары Алматыдағы «Кенжехан» базарының жалға алушылары мен меншік иелері арасындағы дау туралы жарияланымдарынан кейін қозғалған. Материалдарда жалға алушылардың құқықтарын қорғаған белсенді әйелдің бұрын сотталғаны және полиция есебінде тұрғаны туралы ақпарат жарияланған. Белсендінің шағымынан кейін тергеу бұл мәліметтердің жариялануын жеке деректерді заңсыз тарату деп бағалаған. Ал қорғау тарапы барлық ақпарат ашық сот дерекқорларынан алынғанын мәлімдеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚұрылтай Қазақстанның дамуына серпін береді — сарапшы
Next Article Жыл соңына дейін теңге әлсірейді — қаржыгер болжамы

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.