Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Сарбаздар қазасы: Қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр
Жаңалықтар

Сарбаздар қазасы: Қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр

НұрланНұрлан25.09.202614
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Каспий теңізінде сарбаздардың қазасына байланысты қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен оқу-жаттығуды ұйымдастыруға қатысты заң бұзушылықтарға жол берген болуы мүмкін лауазымды тұлғалар анықталды. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның отырысында айтылып, қаза болғандар мен зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету және жиналған қаражаттың ашық бөлінуін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі («ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық істер қозғалған.

«Тергеу барысында әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға және құтқару іс-шараларын жүргізуге байланысты заң бұзушылықтарға жол берді деп күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – деді Санжар Әділов.

Оқиғадан кейін құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы жеке қаралды. Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әскери қызметші есін жиып, барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Жанында ата-анасы бар.

«Отырыс барысында қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, барлық түскен қаражатты бөлудің абсолютті ашықтығы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте материалдық көмек заңда белгіленген мемлекеттік төлемдер мен өтемақыларды ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері мен меценаттар тарапынан қаржылық қолдауды да қамтитын болады», – делінген Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарламасында.

ақтау бозымбаев министр Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКаспийде қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілді
Next Article Алматыда 1-қазаннан бастап ауыз судың бағасы қымбаттайды

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026742

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026207

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026165

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.