Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовтың видеосы тарады. Сахнаның тарланы атанған, талай өнер театрларны ашып, аты дүрілдеген актердың қазіргі күйіне ел алаңдаулы, деп жазады Muztaumedia.kz.
Көпшілік өнер иесінің қазіргі жағдайына алаңдаушылығын білдірді. Ол үй ауласына төселген тас төсеніштерді тазартатын фирманы жарнамалаған. Алайда жұртты әзілкештің қатты жүдеп кеткені уайымдатты.
«Уәлибек ағада диабет бар сияқты», «қатты азып кетіпті», «ағамыз шөгіп, қартайып кетіпті», «жүдеп кетіпті, тіпті дауысы да басқаша болып кеткен», «аман жүрсінші», «тезірек сауығып кетіңіз», — деп жазды желі қолданушылары.


