Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Хуситтердің қорлығы: Қызыл теңіздегі қысымға төтеп бере алмаған Сауд Арабиясы АҚШ-тан көмек сұрады
Оқиғалар

Хуситтердің қорлығы: Қызыл теңіздегі қысымға төтеп бере алмаған Сауд Арабиясы АҚШ-тан көмек сұрады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.09.20267

Қызыл теңіздегі тар өткел енді жаһандық саудамен қатар, Таяу Шығыстағы күш тепе-теңдігін де қысып тұр. Сауд Арабиясы хуситтерге қарсы күресте АҚШ-тан әскери көмек сұраған, – деп жазады Muztaumedia.kz.

«CBS News» (https://www.cbsnews.com/) дерегінше, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман жағдайды АҚШ президенті Дональд Трамппен бірнеше рет талқылаған. Эр-Рияд Вашингтоннан Йемендегі хуситтердің нысандарына соққы беруді сұраған. Алайда Трамп тікелей әскери операцияға әзірге келіспей, барлау мәліметтерімен көмектесуді ұсынған.

Сауд Арабиясының алаңдаушылығына Баб-эль-Мандеб бұғазындағы жағдай себеп болып отыр. Еуропа мен Азия арасындағы теңіз саудасының маңызды бөлігі осы бағыт арқылы өтеді. Бұғаз жабылса, кемелер Африканы айналып, Үміт мүйісі арқылы жүруге мәжбүр болады.

Хуситтердің шабуылы Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымы мен теңіз жолдарына да қысымды күшейтті. «Reuters» мәліметінше, шабуылдардан кейін корольдіктің нарыққа жеткізетін мұнай көлемі соңғы отыз жылдан астам уақыттағы ең төмен деңгейге түскен. Қызыл теңіздегі тұрақсыздық енді аймақтық жанжалдың шеңберінен шығып, әлемдік энергетикаға әсер ете бастады.

Эр-Рияд үшін мәселе сауда мен мұнай тасымалына ғана тірелмейді. Сауд билігі хуситтерге қарсы ауқымды операция Иранмен жаңа әскери текетіреске жол ашуы мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан корольдік әскери жауап пен өңірлік соғыстың арасына барынша сақ қадам жасап отыр.

Хуситтермен байланысты Al Masirah телеарнасы Сауд Арабиясы алғашқы әуе соққыларын жасады деп мәлімдеді. Алайда Эр-Рияд мұндай операция жүргізгенін ресми түрде растаған жоқ. Сол себепті әуе соққысы туралы ақпарат әзірге тараптардың бірінің мәлімдемесі ретінде ғана қарастырылады.

Қызыл теңіздегі түйін осылайша Вашингтон, Эр-Рияд және Тегеран мүдделері түйіскен жаңа қысым нүктесіне айналды. АҚШ-тың барлау қолдауымен шектелуі Трамп әкімшілігінің соғыс ауқымын кеңейтуге асықпай отырғанын аңғартады. Ал бұғаздағы жағдай күрделене берсе, әскери араласудан бас тарту Вашингтон үшін барған сайын қиындай түсуі мүмкін.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚарызы 3,9 трлн теңге: экономист Қазақстан темір жолына толық аудит жүргізуді талап етті
Next Article «Шөгіп, жүдеп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі күйі елді алаңдатты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.