Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Экономика»Қарызы 3,9 трлн теңге: экономист Қазақстан темір жолына толық аудит жүргізуді талап етті
Экономика

Қарызы 3,9 трлн теңге: экономист Қазақстан темір жолына толық аудит жүргізуді талап етті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.09.20261
«Қазақстан темір жолының» қарызы 3,9 трлн теңгеге жетіп, компанияның HSBC алдындағы қарыз жүктемесі рұқсат етілген шектен асып кетті. Экономист Мақсат Халық бұл жағдайға байланысты ҚТЖ-ның қарызын толық аудиттен өткізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Компания алты айда 1,09 трлн теңге қарыз тартқан. Сонымен бірге оның қаржылық шығындары 38%-ға өсіп, 164,9 млрд теңгеге жеткен. Ал HSBC алдындағы қарыз жүктемесінің коэффициенті 1,18 болып, рұқсат етілген 1,15 шектен асып кеткен. Банк бұл талапты 2026 жылғы 30 қарашаға дейін бұзушылық ретінде есептемеуге келіскен.

Экономистің айтуынша, ҚТЖ-ның қарызы бірнеше жылдан бері өзекті мәселе болып келеді. Оның пікірінше, мәселе тек бір компанияның қаржылық жағдайымен шектелмейді.

«ҚТЖ-ның қарызы ұзақ жылдан бері бар. Бұл мәселе 2024 жылы да көтерілген. Негізінде, “Самұрық-Қазына” құрамындағы қарызы ең көп компаниялардың бірі – ҚТЖ. Жалпы “ҚТЖ”, “ҚазМұнайГаз”, “Бәйтерек” сияқты холдингтер ең көп қарыздары бар болып есептеледі. Сондықтан бұл мәселе өте өзекті», – деді Мақсат Халық.

Экономист квазимемлекеттік сектордың жалпы қарызы да назар аударуды қажет ететінін атап өтті. Оның сөзінше, ел экономикасындағы квазимемлекеттік сектор қарызының үлесі шамамен 20%-ға жетеді. Ресми болжам бойынша, 2026 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарызы 37,7 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 20,5%-ын құрауы мүмкін.

«Меніңше, осының ішінен үлкен аудит жүргізу керек. Қарыздар бойынша толық тексеру қажет. Өйткені қазір нақты көрсетіліп отырған қарыз көлемі бұдан да көп болып шығуы мүмкін», – деді ол.

Мақсат Халық қарыздың өзі әрдайым жаман құбылыс емес екенін атап өтті. Ең маңыздысы – алынған қаражаттың қайда жұмсалып жатқаны.

«Егер осы алынған қарыз инфрақұрылымды дамытуға, вагондарды жаңартуға, жалпы темір жолдың логистикасын жақсартуға және тасымал жылдамдығын арттыруға жұмсалса, онда ол өзін-өзі ақтайды деп ойлаймын. Өйткені оның экономикаға әсері бар. Экономикаға оң әсер етсе, бұл жалпы қоғамға да тиімді болады», – деді экономист.

Алайда сарапшы қарыздың жаңа қарызды өтеуге жұмсалуы қауіпті екенін ескертті.

«Ал егер алынған қарыз анау бұрынғы қарыздарды өтеуге кетіп жатса, яғни қарызды қарызбен жабуға жұмсалса, әрине, бұл өте дұрыс емес», – деді Мақсат Халық.

Оның пікірінше, ҚТЖ-ның жағдайы нашарлап, компания банкроттыққа жақындаған жағдайда мәселе тек кәсіпорынның өзінде қалмайды. Себебі компанияның мемлекеттік қатысуы бар және оның сыртқы кредиторлары алдында міндеттемелері бар.

«Егер қарыз көбейіп, ертең компания банкроттық жағдайға жетсе, онда бұл қарыздардың бәрі шетелден алынғандықтан, мемлекет пен үкімет жауап беретін жағдай туындауы мүмкін. Яғни халықтың бюджетіне салмақ түседі», – деді экономист.

Ол мұндай сценарийдің мемлекеттік қаржы үшін қауіпті екенін айтты.

«Бұл жеке меншік компания емес. Мемлекеттің 50 пайыздан астам үлесі бар компания болғандықтан, оның проблемасы түптеп келгенде мемлекетке келіп тіреледі. Онсыз да бюджет тапшылығы бар кезде оған тағы үлкен салмақ түссе, оның салдары жақсы болмайды. Бұл мемлекетті одан да күрделі қаржылық жағдайға алып келуі мүмкін», – деді Мақсат Халық.

Айта кетейік, ҚТЖ-ның қаржылық тұрақтылығына қатысты мәселе бұған дейін де көтерілген. 2024 жылы Жоғары аудиторлық палата компанияның қарызы 2,9 трлн теңгеге жеткенін айтып, оны дефолт қаупіне жақын деп бағалаған. Аудит қорытындысында қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз жоспарлау және экономикалық шығындар да анықталған.

Қазақстан темір жолының жыл басынан бергі қарызы 22 пайызға өсіп, 3,9 трлн теңгеге жеткен.

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Шарап құйып ішеміз»: Кенесарыны қорлаған қырғыз қыздары қазақ халқынан кешірім сұрады
Next Article Хуситтердің қорлығы: Қызыл теңіздегі қысымға төтеп бере алмаған Сауд Арабиясы АҚШ-тан көмек сұрады

Оқи отырыңыз...

Көршіге кіріптарлық: Қазақстандық кәсіпкерлердің ресейлік компаниялар алдындағы қарызы 2 трлн теңгеден асты

15.09.20265

1,5 трлн теңге: Алматы облысы биыл салық түсімін рекордтық деңгейге жеткізбек

14.09.20264

Доллар қайта қымбаттады: 11 қыркүйекке арналған ресми баға

11.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үстімнен жүк түскендей болды: балаларының әкесін соттатып жіберген Фариза Алмазқызы эмоциясымен бөлісті (ВИДЕО)

16.09.20263

Музей сөресіндегі жәдігерден ғылыми жаңалыққа дейін: «Ғылым ордасында» халықаралық симпозиум өтті

16.09.20266

91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

16.09.20261

Ұлытау облысында жаппай көгалдандыру бастамасы қолға алынды

16.09.20261

«Жүрегіме қатты батады»: Айгүл Иманбаева ел алдында жылап, жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

16.09.202639

2 жыл 3 айға сотталды: Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шықты (ВИДЕО)

16.09.202677

Шетелдегі қытайлардың мүддесін қорғау: Жунгоның диаспора саясаты қауіп тудыра ма?

16.09.20264

Отбасылық жанжал: Астанада ерлі-зайыпты пышақтасып көз жұмды

16.09.202615

Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді

16.09.20262

Ақмола облысында «Газель» 4 жасар қызды қағып өлтірді

16.09.20263

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.