Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»«Шарап құйып ішеміз»: Кенесарыны қорлаған қырғыз қыздары қазақ халқынан кешірім сұрады
Оқиғалар

«Шарап құйып ішеміз»: Кенесарыны қорлаған қырғыз қыздары қазақ халқынан кешірім сұрады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.09.202611

Астанада алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Қырғызстанның екі студенті әлеуметтік желіде айтқан даулы пікірлерінен кейін қазақ халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz сайты.

Оқиға Pan VASYL YouTube арнасының авторы мен студенттердің Чат-Рулетка платформасындағы әңгімесі кезінде болған. Сөйлесу барысында қыздардың бірі қазақ пен қырғыз халықтарының тарихы, тілі мен салт-дәстүріне қатысты өз ойын айтып, қазақ халқының тарихына байланысты көпшіліктің наразылығын тудырған пікір білдірген.

«Қырғыздар мен қазақтар бір халық, бауырлас халық деп айтады ғой. Бірақ мен қазақтар кейінірек пайда болды деп ойлаймын. Олар бізді туыс деп санайды. Әрине, тіліміз, дәстүріміз, салт-ғұрпымыз ұқсас. Бірақ меніңше, көп нәрсе бізден оларға өткен. Қазақтар қырғыздарды ханның басын қайтармағаны үшін де кінәлаған. Ал оны неге қайтаруымыз керек? Біздің дәстүріміз бойынша, біз көшпелі халықпыз және жаудың басын қайтармауымыз керек деген түсінік болған», – деді қыздардың бірі.

Бұл видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін қазақстандық қолданушылардың арасында қызу талқы басталды. Бірқатар желі қолданушылары студенттердің сөзін сынға алып, олардың Қазақстаннан шығарылуын талап етті. Сондай-ақ кейбір азаматтар аталған жағдайға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабы аясында құқықтық баға берілуі тиіс деген пікір айтты.

Кейін студенттер арнайы видеоүндеу жариялап, қазақ халқынан кешірім сұрады. Олар өздерінің айтқан сөздері дұрыс болмағанын мойындап, мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынын жеткізді.

«Сәлеметсіздер ме, құрметті бауырлас қазақ халқы. Менің атым – Арууке, менің атым – Медина. Осы видеоүндеу арқылы сіздерден шын жүректен кешірім сұраймыз. Интернетте тарап жатқан видеода айтылған сөздеріміз үшін сіздерден шын жүректен кешірім сұраймыз. Сонымен қатар блогер тарапынан айтылған үгіт сипатындағы сөздер мен арандатушылық сұрақтарға тоқталғым келеді. Алайда бұл біздің тарапымыздан айтылған сөздерді еш ақтамайды. Сондықтан бүкіл бауырлас қазақ халқынан шын жүректен кешірім сұраймыз. Біз өз жауапкершілігімізді түсінеміз. Қандай жағдай болмасын, басқа халықтың намысына тиетін сөздер айтуға болмайды. Біздің мақсатымыз ешқашан қазақ халқын қорлау немесе жаман атқа қалдыру болған емес. Дұрыс айтылмаған сөздерімізге қатты өкінеміз және Қазақстандағы бауырларымыздан шын жүректен кешірім сұраймыз. Тағы да бір рет кешірім сұрағым келеді. Қырғыз халқына, қазақ халқына, ұстаздарымыз бен ата-анамызға мұндай жағдай енді қайталанбауы керек және қайталанбайды деп сөз береміз. Тағы да сіздерден шын жүректен кешірім сұраймыз», – деді студенттер видеоүндеуінде.

 

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«10 жыл бұрын жоғалтып алғам»: Мадина Сәдуақасова күйеуінен ерекше сыйлық алды
Next Article Қарызы 3,9 трлн теңге: экономист Қазақстан темір жолына толық аудит жүргізуді талап етті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.