Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Muztau media»Талғарда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Muztau media

Талғарда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы13.07.20269
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысының Талғар қаласында №17 өрт сөндіру депосы ашылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Заманауи нысан 65 мыңнан астам тұрғынды өрттен қорғауға мүмкіндік береді. Ғимарат халықаралық талаптарға толығымен сай келеді. Мұнда арнайы техникаларға арналған кең көлікжай, жөндеу шеберханалары, оқу сыныптары, спортпен шұғылдануға арналған бөлмелер, демалыс орындары және соңғы үлгідегі радиобайланыс пункті қарастырылған. Сонымен қатар қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына да ерекше көңіл бөлініп, депо аумағында өрт сөндірушілерге арналған төрт қызметтік пәтер бой көтерген, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімге ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Оразбеков, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.

Алғашқы құттықтау сөз Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновке берілді. Министр жаңа депоның өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызына тоқталды.

«Бүгін біз жай ғана жаңа өрт сөндіру нысанын ашып отырған жоқпыз. Бұл – дер кезінде жүзеге асқан маңызды жоба. Бұрынғы ғимарат әбден тозып, қазіргі заман талабына сай келмейтін еді. Ал Талғар қаласы бүгінде қарқынды дамып, халық саны жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар елді мекендер арасындағы қашықтық пен жол ұзындығы өрт сөндіру қызметінің жедел әрекет етуіне қосымша қиындық туғызатын. Сондықтан бұл депоның пайдалануға берілуі өрт сөндіру жасақтарының оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартады. Ал төтенше жағдайда әрбір секундтың маңызы зор», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Министрдің айтуынша, нысанның орналасқан орны мамандардың жан-жақты сараптамасы негізінде таңдалған. Жоба небәрі 100 күнде жүзеге асырылып, оның жалпы құны шамамен 350 миллион теңгені құрады. Құрылыс республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен салынды. Дәл осындай өрт сөндіру бекеті Кеген ауданында және Шыңгелді ауылында пайдалануға берілген. Алдағы уақытта мұндай нысан Шелек ауылында да салынады. Сонымен қатар Қарасай, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында да жаңа өрт сөндіру бөлімдерін кезең-кезеңімен ашу жоспарланып отыр.

Салтанатты рәсім барысында Шыңғыс Әрінов жаңа депоның құрылысына үлес қосқан азаматтарға ведомстволық марапаттарды табыстады. Сондай-ақ «Toyota Hilux» және АЦ-5-40 КамАЗ арнайы техникаларының кілтін тарту етті. Бірқатар өрт сөндірушіге қызметтік пәтердің кілттері берілді. Ал жаңа өрт сөндіру депосының кілті аға лейтенант Ришат Рахимовқа табысталды.

Шара барысында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев заманауи үлгіде бой көтерген бұл депо өрт сөндірушілердің еңбек жағдайын жақсартып, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашатынын айтты.

«Төтенше жағдайлар қызметі – мемлекетіміздің берік қалқаны, ал құтқарушылар – еліміздің нағыз бейбіт күндегі батырлары. Өрт сөндіруші мамандығы тек кәсіби дағдыны ғана емес, ержүректілікті және Отанға деген шексіз адалдықты талап етеді. Сондықтан да Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен құтқарушыларымызға қолайлы жағдай жасау, оларды заманауи техникамен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар елімізде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы орайда, материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары тек бір ауданмен шектелмейтінін атап өткен жөн. Биылдың өзінде Нарынқол және Кеген ауылдарында, Талғар ауданының Жаңалық, Нұра ауылдарында заманауи модульдік өрт сөндіру депосының құрылысы сәтті аяқталып, ел игілігіне берілді. Мұның бәрі – халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан нақты қадамдар», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ бірқатар қызметкерге Алғыс хат пен жаңа техникалардың кілтін табыс етті.

Жалпы ауданы 1154 шаршы метр болатын жаңа депо модульдік технология бойынша салынған. Ғимарат кеңейтуге қолайлы әрі тез құрастырылатын конструкциялармен жабдықталған. Мұнда заманауи байланыс және диспетчерлік жүйелер орнатылған, демалыс, киім ауыстыру, оқу-жаттығу және жеке құрамның даярлығына арналған бөлмелер қарастырылған.

Депода 18 қызметкер тәулік бойы кезекшілік атқарады. Олардың қарамағында төрт өрт сөндіру автокөлігі және жедел әрекет етуге арналған Toyota Hilux автокөлігі бар.

Салтанатты шара барысында жаңа ғимараттың қызыл лентасы қиылып, ақсақал ақ батасын беріп, дәстүрлі түрде шашу шашылды. Одан кейін қонақтар өрт сөндіру депосын аралап, оның материалдық-техникалық базасымен танысты.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«BaiQymyz-2026» халықаралық фестивалінің үздіктері анықталды
Next Article Судьяның қорқынышты пікірі: соңғы үш жылда 2,5 мың бала жыныстық зорлықтың құрбаны болған

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026362

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.