Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Тоқаев KIND корпорациясының президентімен кездесті
Басты ақпарат

Тоқаев KIND корпорациясының президентімен кездесті

НұрланНұрлан15.09.20262
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы KIND корпорациясының президенті және бас директоры Ким Бок Хванды қабылдады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қала құрылысы жобаларын дамыту корпорациясы (KIND) қазақ-корей инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Үлкен Алматы айналма автокөлік жолын салуға үлес қосқан корпорациямен ықпалдастықты жалғастыруға мүдделі.

Әңгімелесу барысында KIND корпорациясының Алатау қаласын дамытуға қатысу перспективасына баса назар аударылды. Президент жобаның әлеуеті зор екенін атап өтіп, корей тарапы жаңа шаһардағы инфрақұрылымдық және инвестициялық бастамаларға белсенді атсалысатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы корпорацияны Қазақстандағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспарын жүзеге асыру ісіне қатысуға шақырды.

Ким Бок Хван Қазақстан Еуразияның маңызды көлік-логистика торабы ретінде айрықша рөл атқаратынын атап өтіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастығына нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ким Бок Хван қазақ-корей бірлескен инвестициялық қорын құру мәселелерін талқылады. Аталған қор еліміздегі инфрақұрылым және энергетика жобаларына корей капиталы мен технологиясын тартатын тиімді тетік болмақ.

Сонымен қатар кездесуде корпорацияның көлік-логистика жүйесін жаңғыртуға, соның ішінде Ақтау, Құрық порттарын дамыту, өңірлік әуежайларды салу мен жаңарту мүмкіндігі қарастырылды.

Ақорда Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКөршіге кіріптарлық: Қазақстандық кәсіпкерлердің ресейлік компаниялар алдындағы қарызы 2 трлн теңгеден асты
Next Article Еркежан Күнтуған Президенттің телерадиокешенінде жаңа қызметке сайланды

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.202610

Германияда алғаш рет әйел адам президент атануы мүмкін

30.10.20264

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026365
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.