Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қырғызстан президенттігіне 11 адам үміткер: олардың қатарында Садыр Жапаров та бар
Жаңалықтар

Қырғызстан президенттігіне 11 адам үміткер: олардың қатарында Садыр Жапаров та бар

НұрланНұрлан13.11.20263
Фото: AkiPress

Бүгін, 13 қарашада Қырғызстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Алдағы сайлауға қатысуға 11 азамат ниет білдірген. Олардың қатарында қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаров та бар. Бұл туралы Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Президенттікке кімдер үміткер?

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, президенттік сайлауға қатысуға өтініш берген азаматтар қатарында:

  • Аймен Касенов – кәсіпкер және қоғам қайраткері;
  • Азамат Есенбеков – бұрынғы қаржы министрінің көмекшісі;
  • Сыймык Жапыкеев – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы прокуроры;
  • Акай Кадыров – кәсіпкер;
  • Исхак Масалиев – Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты;
  • Садыр Жапаров – Қырғызстанның қазіргі президенті;
  • Бактыбек Калмаматов – Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты;
  • Бактыбек Адылов – Мемлекеттік көші-қон қызметінің бұрынғы басшысы;
  • Амур Айба Медер – кәсіпкер;
  • Мамбетжунус Абылов – Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы, бұрынғы министр;
  • Клара Сооронкулова – Жоғарғы соттың Конституциялық палатасының бұрынғы судьясы.

Айта кетейік, Қырғызстан тарихында президент міндетін әйел адам да атқарған. 2010 жылғы сәуірден 2011 жылғы желтоқсанға дейін бұл қызметті Роза Отунбаева атқарды. Ол бұған дейін оппозициялық қозғалыстың тең төрағасы және Уақытша үкіметтің басшысы болған.

Кейін Роза Отунбаева халықаралық қызметке ауысып, 2022 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы қыркүйекке дейін БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі әрі Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы болды.

Ал қазіргі президент Садыр Жапаров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен кезектен тыс сайлауда 79,2 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен. Ол 28 қаңтарда ресми түрде қызметіне кіріскен.

Президент сайлауы қашан өтеді?

Қазір Қырғызстанда президенттікке үміткерлерді қолдау үшін сайлаушылардың электронды қолдарын жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл кезең 2026 жылғы 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кандидат ретінде тіркелу үшін үміткер кемінде 30 мың сайлаушының қолын жинауы керек.

Ал тіркеуге қажетті құжаттарды қабылдау 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Президенттікке кандидаттарды тіркеу 23 желтоқсанда аяқталады.

Қырғызстандағы президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға жоспарланған.

қырғызстан саясат
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАқтөбеде генерал-майор мен полковник жемқорлық күдігімен ұсталды
Next Article Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген екі автовоз аударылып қалды

Оқи отырыңыз...

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20263

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202617

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.202635

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20264

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20263

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202617

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202677

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202689

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202661

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.