Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Білім & ғылым»Бельгияда «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына қолдау білдірді
Білім & ғылым

Бельгияда «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына қолдау білдірді

НұрланНұрлан07.09.202610
Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Гент қаласындағы «Qazaq Roots» қазақ мәдени орталығында Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен мәдени-ағартушылық іс-шара өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Кездесу Фландрияда тұрып жатқан отандастарымыздың басын қосты, оның ішінде бельгиялық отбасылар асырап алған балалар, сондай-ақ Қазақстанның тілі мен мәдениетіне қызығушылық танытатын бельгиялықтар қатысты. Қатысушылар қазақ тілінде кітаптар оқып, қазақстандық әдебиетпен танысты, викториналар мен интерактивті тілдік ойындарға қатысты.

Іс-шараға «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сакошев онлайн форматта қосылып, жобаның мақсаттары мен кітап оқу мәдениетін дамыту туралы айтып берді.

«Біздің мақсатымыз – кітап оқуды әр түрлі буынды біріктіретін күнделікті мәдениеттің бөлігіне айналдыру. Шетелдегі қазақстандықтардың кітап арқылы туған тілімен, мәдениетімен және Қазақстанмен байланысын сақтап қалуы аса маңызды», – деп атап өтті Аян Сакошев.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Qazaq Roots» кітап қоры қазақстандық жазушылардың жаңа басылымдарымен толықты, олар оқу және кітап алмасу үшін қолжетімді болады.

«Бельгияда өсіп жатқан балаларымыз үшін қазақ тілі – бұл түбірлерімізбен байланыс. Біз балалар «Qazaq Roots» орталығында тек тіл үйреніп қана қоймай, қазақша кітаптар оқып, қарым-қатынас жасап, Қазақстан мәдениетін тереңірек білсе екен дейміз», – деді орталық басшысы Майнур Жұманова.

Брюссель мен Гент қалаларында ашылған қазақ мәдени орталықтарында қазақ тілін үйренгісі келетіндердің барлығына арналған тіл курстары жұмыс істейді. Олар отандастарға ана тілін сақтауға, ал бельгиялықтарға Қазақстанмен, оның мәдениеті мен дәстүрлерімен жақынырақ танысуға көмектеседі.

Іс-шара қазақ тілін шетелде насихаттау және оқу мәдениеті мен қазақстандық әдебиетті дәріптеуге бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру жұмыстарының бір бөлігіне айналды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматылық келіншек такси ішінде босанып қала жаздады (ВИДЕО)
Next Article Мемлекеттік білім гранты бойынша оқыған түлектердің жұмыспен өтеу тәртібі қандай?

Оқи отырыңыз...

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Алматы облысында Республика күні қарсаңында 35 азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

23.10.202615

«Бұрын түсімізге де кірмеген»: Қазақстанның Еңбек ері Президент Тоқаевтың жұмысына баға берді

08.10.202620
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.