Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Басты ақпарат

Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

НұрланНұрлан09.09.20266
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2026 жылы Қор 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отырғанын айтты.

Соның ішінде Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, Түркістан облысында бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясын салу жобасы бар.

Сонымен қатар Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы мен Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.  Қордың инвестициялық портфелі жөнінде мәлімет берді.

Аталған бағытта 2027-2029 жылдары энергетика, мұнай-газ секторы, көлік және цифрлық инфрақұрылым салалары бойынша 21 триллион теңгеге 38 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Қордың әлеуметтік жобаларының орындалуы туралы баяндады.

Медициналық және әлеуметтік нысандар салуға басымдық беріліп, мүгедектігі бар балаларға арналған 55 орталық және 46 инклюзия кабинеті ашылған, спорттық және білім беру инфрақұрылымын дамытуға назар аударылып отыр. Тоқаев басшыға қор жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Ақорда қаржы Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТаразда 29 жастағы жігіт соққыдан тіл тартпай кетті: туыстары әділдік сұрады
Next Article Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026368

Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін жаңа заң қолданысқа енгізілді

30.10.20261

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.