Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Маңғыстауда жолға шыққан түйе қайғылы апатқа себеп болды: 4 адам көз жұмды
Жаңалықтар

Маңғыстауда жолға шыққан түйе қайғылы апатқа себеп болды: 4 адам көз жұмды

НұрланНұрлан17.09.20267
Фото: Маңғыстау ПД баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйекте, сағат 20:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтау — Бейнеу тас жолында екі Toyota Camry автокөлігі жол апатына ұшырады.

«Алдын ала мәлімет бойынша Жетібай ауылынан Шетпе ауылына қарай келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі жол үстінде тұрған түйені қағып кеткен.

Соқтығысқаннан кейін көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, онда келе жатқан Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан», — деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.

Жол апатының салдарынан төрт адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жануардың иесі анықталуда.

жол апаты маңғыстау
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕркебұлан Тоқтар інісіне су жаңа Геленваген сыйлады (ВИДЕО)
Next Article Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан экономикасының өсуіне не ықпал ететінін айтты

Оқи отырыңыз...

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026739

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026806

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202667

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.