Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті
Жаңалықтар

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

НұрланНұрлан19.09.20265
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ақмола облысының тұрғындары Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай ұйымдастырылған халықаралық экологиялық бастамаға белсенді қатысты. Ауқымды акцияға өңірдің қалалары мен ауылдық елді мекендерінен он мыңдаған тұрғын атсалысты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Іс-шара барысында тұрғындар көшелерді, аулалар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, әлеуметтік нысандардың маңын абаттандыру жұмыстарына қатысты. Экологиялық акция «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі алаңдарының бірі Ақкөл қаласында өтті. Мұнда экологиялық бастамаға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қатысты. Ол экологиялық мәдениеттің күнделікті өмір салтының маңызды бөлігіне айналып келе жатқанын атап өтті.

«Таза Қазақстан» бастамасы – бұл тек көшелерді тазалау, аумақтарды абаттандыру және ағаш отырғызу ғана емес. Бұл, ең алдымен, әр адамның қоршаған ортаға, өз қаласына, ауылына және туған жеріне деген жауапкершілігі. Таза Қазақстан – бұл тек таза көшелер мен қалалар емес. Бұл – ойымыздың, ниетіміздің және ісіміздің тазалығы. Бүгінде атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесін көріп отырмыз: аумақтар абаттандырылып, жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болып, қалалар мен ауылдар көркейіп келеді», – деді Марат Ахметжанов.

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Акция барысында көгалдандыру жұмыстарына да ерекше мән берілді. Өңірдің түрлі елді мекендерінде тұрғындар қарағай, шырша, терек, қайың, үйеңкі, балқарағай, емен, жабайы алма және басқа да ағаш-бұта түрлерін отырғызды.

Дүниежүзілік тазалық күні аясында облыста барлығы 5 мыңға жуық көшет отырғызылды. Осылайша, экологиялық бастама аумақтарды тазалау, абаттандыру және өңірдің жасыл қорын толықтыру бағыттарын қамтыды.

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Жергілікті экоактивистердің айтуынша, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, оны көгалдандыру шараларымен ұштастыру қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға ғана емес, болашақта экологиялық тұрғыдан қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Ақмола облысында көгалдандыру жұмыстары экологиялық бағыттағы тұрақты шаралардың бірі саналады. Жыл басынан бері өңір аумағында 2,8 мың гектар жерге шамамен 16 миллион ағаш отырғызылды.

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Дүниежүзілік тазалық күніне тұрғындардың жаппай қатысуы өңірде экологиялық бастамалардың қоғамдық өмірдің маңызды бөлігіне айналып келе жатқанын көрсетеді. Қалалар мен ауылдардың тұрғындары қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тазалықты сақтау ісіне ортақ үлес қосуда.

Ақмола облысы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕрмек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті
Next Article «Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Оқи отырыңыз...

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202623

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202623

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026723

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026787

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202664

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.