Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Елімізде декреттік демалыс тәртібін өзгерту ұсынылды
Жаңалықтар

Елімізде декреттік демалыс тәртібін өзгерту ұсынылды

НұрланНұрлан21.09.202646
Фото: ЖИ

Қазақстанда ер адамдарға бала күтіміне байланысты демалыс беру тәртібін және бала күтімі кезеңінде әйелдерге көрсетілетін қолдауды өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz  Kazinfotrm-ға сілтеме жасап.

Үкімет ер адамдарға мемлекет тарапынан бала күтіміне байланысты демалыс беру қаншалықты орынды екенін талқылады. Сондай-ақ бала туғаннан кейінгі алғашқы екі жылда әйелдерге көрсетілетін қолдаудың бір бөлігін бөбекжай-бақша орындарымен және бала күтуші қызметімен алмастыру мүмкіндігі сөз болды.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында айтылды.

– Мемлекет тарапынан ер азаматтарға бала күтіміне байланысты демалыс беру қаншалықты орынды екені қаралды. Сондай-ақ әйелдерге бала күтімінің екі жылдық кезеңінде көрсетілетін қолдау форматын өзгерту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, балаларды бөбекжай-бақшамен қамту және кішкентай балаларға күтім жасайтын бала күтушілер тапшылығын шешу мүмкіндіктері қарастырылды, — делінген Үкімет хабарламасында.

Әзірге бұл ұсыныстар бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

Декреттік демалысқа қатысты мәселе әлеуметтік көмек жүйесін реформалау аясында қарастырылып жатыр. Алғашқы кезеңде Үкімет 36 төлем түрінің 14-ін атаулы қағидатқа көшіруді жоспарлап отыр, яғни көмек азаматтардың нақты мұқтаждығы ескеріле отырып көрсетіледі.

Сондай-ақ қазір жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмектің 13 түрін төрт түрге біріктіру ұсынылды.

Сонымен қоса 2027 жылдың басынан бастап ардагерлерге көрсетілетін жекелеген қолдау шараларына да атаулылық қағидатын енгізу көзделіп отыр.

Жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар азаматтардың деректерін тексеру кезінде жасанды интеллектіні қолдану нәтижелері туралы да айтты.

– Жүйе мүгедектік белгілеуге негіз болған медициналық құжаттарды қолдан жасаудың 167 жағдайын анықтады. Материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Бұдан бөлек, әртүрлі адамдардың деректері бірдей болып шыққан 18 647 жағдай анықталды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 1 қазаннан бастап қазақстандықтарға әлеуметтік төлемдерді беру шарттарындағы өзгерістер туралы SMS, eGov Mobile және банктердің мобильді қосымшалары арқылы кезең-кезеңімен хабарлана бастайды.

ана мен бал бала күтімі декрет
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Кәусар да әкесінің алдынан жүгіріп шықсын»: Төреғали Төреәлі ұзақ уақыттан кейін отбасымен жылап қауышты
Next Article «Талағын беріп тастап кетті»: жақында орамалын шешкен Жанель Мақажан ажырасуының себебін айтты

Оқи отырыңыз...

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20263

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026844

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.