Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Төрт сағат бойы жолда жатқан»: Қарағанды облысында оқушыны көлік қағып өлтірді
Жаңалықтар

«Төрт сағат бойы жолда жатқан»: Қарағанды облысында оқушыны көлік қағып өлтірді

НұрланНұрлан18.11.20261
Фото: magnific.com

Қарағанды облысының Петровка ауылында 14 жастағы мектеп оқушысын көлік қағып, қыз оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, рөлде болған әйел жол-көлік оқиғасынан кейін тоқтамай, оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Жол-көлік оқиғасын редакция сауалына жауап берген Қарағанды облыстық Полиция департаменті растады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 17 қазан күні кешкі сағат 21:00 шамасында болған.

Сол күні қыз серуендеп жүріп, үйіне қайтқан. Жолдан өтіп бара жатқан сәтте оны көлік қағып кеткен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, елді мекенді республикалық маңызы бар тасжолмен жалғайтын бұл аумақта көше жарығы жеткіліксіз, жаяу жүргіншілер өткелі де жоқ. Оған қоса, жол бойына орнатылған бейнебақылау камерасы жұмыс істемейді.

Куәгерлердің айтуынша, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары алдымен тежегіштің шыңғырған дауысын, артынша қатты соққыны естіген.

Ангелина оқиға орнында жан тапсырған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, көлік тізгінінде Теміртаудан Ботақараға күн сайын жұмысқа қатынайтын әйел болуы мүмкін. Соққыдан кейін көліктің алдыңғы мемлекеттік нөмірі оқиға орнында қалып қойған деген болжам бар. Біраз уақыттан соң көлік иесі де сол жерге қайта келген.

Полиция бұл оқиғаға байланысты бірден екі бап бойынша қылмыстық іс қозғағанын жеткізді. Біріншісі – абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу, екіншісі – жүргізушінің жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы. Дегенмен әйелді ұстау немесе күдікті деп тану туралы шешім сараптамалар аяқталғаннан кейін қабылданады.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің кінәсін анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады, – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінің бастығы Нұрлан Аманжолов.

Тағайындалған сараптамалар көліктің нақты қандай жылдамдықпен жүргенін және қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болған-болмағанын анықтауға тиіс. Тергеу аяқталғанша көлік айып тұрағына қойылды.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, аталған баптар бойынша тараптардың татуласуына жол берілмейді. Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

қаза тапты оқушы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Маған десе, он әйел алсын»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елді шулатқан жазба жариялады
Next Article «Кітап оқитын ұлт» марафонында елордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп жүр

Оқи отырыңыз...

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды

18.11.20261

«Кітап оқитын ұлт» марафонында елордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп жүр

18.11.20260

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды

18.11.20261

«Кітап оқитын ұлт» марафонында елордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп жүр

18.11.20260

«Төрт сағат бойы жолда жатқан»: Қарағанды облысында оқушыны көлік қағып өлтірді

18.11.20261

«Маған десе, он әйел алсын»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елді шулатқан жазба жариялады

18.11.202640

«Тойған сайын құтырады»: Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы әкесінің тоқалына шүйлікті

18.11.2026157

Құрылтай ең төменгі жалақыны 110 000 теңгеге жеткізетін заңды қабылдады

18.11.20262

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20264

«Нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров өзгенің әндерін рұқсатсыз айтқан Нұрлан Өнербаевтың адамгершіліктен аттағанын айтты

18.11.2026628

Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: кемі 19 адам мерт болды

18.11.2026277

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.