Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»аймақ»«Кітап оқитын ұлт» марафонында елордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп жүр
аймақ

«Кітап оқитын ұлт» марафонында елордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп жүр

НұрланНұрлан18.11.20260
Фото: gov.kz

Астанада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқушылар арасында кітап оқу марафоны жалғасып жатыр. Әдебиет әлеміне қызығушылығы ерекше жас оқырмандар білім мен таным бәйгесінде өзара бақ сынап, оқыған кітаптарының саны бойынша үздіктер қатарынан көрініп жүр. Олардың арасында мыңнан астам кітап оқып, қатарластарына үлгі болып жүрген оқушылар да бар, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Марафон көшін бастап тұрғандардың бірі – Смағұл Сәдуақасов атындағы №78 мектеп-гимназиясының 5 «Е» сынып оқушысы Байсақова Кәусар Азаматқызы. Ол бүгінге дейін 1000-нан астам кітап оқыған. Кәусардың кітапқа деген қызығушылығы 3-сыныптан басталған. Содан бері әдебиет әлеміне терең бойлап, кітап оқуды сүйікті әдетіне айналдырған. Кітапқа деген сүйіспеншілігі ағылшын тілін де еркін меңгеруіне ықпал еткен.

Кітап оқу марафонында ағайынды Хегай Милана мен Хегай Богдан бар. Олардың әрқайсысы 1000 кітаптан оқып, жалпы саны 2000 кітапқа жуық әдеби мұрамен танысқан. Ағайынды оқушылар кітап оқуды отбасылық дәстүрге айналдырып, үйінде жеке кітапхана қорын қалыптастырған. Олар Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев сынды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын сүйіп оқиды. Сонымен қатар шытырман оқиғалы туындыларға да қызығушылық танытады. Милана мен Богдан қазақ тілінде білім алып, ұлттық әдебиеттің асыл мұраларын оқып жүр.

Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Батыр Балтабеков қатысып жатыр. Ол соңғы үш жылда 800-ден астам кітап оқып, қазақ және әлем әдебиетінің классикалық шығармаларымен танысқан. Сүйікті авторларының қатарында Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбайұлы және Мұқағали Мақатаев бар. Батыр қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Кітаптан алған әсері мен білімін шығармашылықпен ұштастырып, бүгінде өзі де қалам тербеп жүр.

№36 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Анисимова Вероника
да қатысуда. Ол елордадағы сегіз кітапхананың қорынан 800-ден астам кітап оқып шыққан. Бос уақытының басым бөлігін кітап оқуға арнайтын Вероника үшін әдебиетпен сусындау күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.

Мыңдаған кітапты парақтап, әдебиет әлеміне терең бойлаған бұл оқушылар – елордадағы жас оқырмандардың жарқын үлгісі. Олардың жетістігі кітап оқудың жай ғана әуестік емес, табандылықты, ізденісті және үздіксіз дамуды талап ететін өмірлік дағды екенін көрсетеді.

«Кітап оқитын ұлт» жобасының басты мақсаты да – осындай білімге құштар, ойы озық, рухани дүниесі бай ұрпақ қалыптастыру. Өйткені бүгінгі кітапқұмар бала – ертеңгі білімді ұлттың негізі.

Астана ашылу
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Төрт сағат бойы жолда жатқан»: Қарағанды облысында оқушыны көлік қағып өлтірді
Next Article Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды

Оқи отырыңыз...

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды

18.11.20261

«Төрт сағат бойы жолда жатқан»: Қарағанды облысында оқушыны көлік қағып өлтірді

18.11.20261

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды

18.11.20261

«Кітап оқитын ұлт» марафонында елордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп жүр

18.11.20260

«Төрт сағат бойы жолда жатқан»: Қарағанды облысында оқушыны көлік қағып өлтірді

18.11.20261

«Маған десе, он әйел алсын»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елді шулатқан жазба жариялады

18.11.202640

«Тойған сайын құтырады»: Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы әкесінің тоқалына шүйлікті

18.11.2026157

Құрылтай ең төменгі жалақыны 110 000 теңгеге жеткізетін заңды қабылдады

18.11.20262

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20264

«Нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров өзгенің әндерін рұқсатсыз айтқан Нұрлан Өнербаевтың адамгершіліктен аттағанын айтты

18.11.2026628

Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: кемі 19 адам мерт болды

18.11.2026277

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.