Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?
Жаңалықтар

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

НұрланНұрлан21.09.202620
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті. Осы кезеңде Қазақстан экономикасында елеулі өзгерістер болды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

ЖІӨ өсімі

Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім ұлттық валютада екі еседен астам өсті. 2019 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 715,5 мың теңгені құраса, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 1 млн 661,6 мың теңгеге жетті.

Осылайша, атаулы өсім 2,3 есе болды.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні доллармен есептегенде де оң динамика байқалады. Жеті жыл ішінде бұл көрсеткіш 2 005,1 доллардан 3 338,3 долларға дейін, яғни шамамен 1,7 есе өсті. Теңге мен доллардағы өсімнің айырмашылығы, соның ішінде ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты.

Фото: ЖИ

Халықаралық резервтер

Сонымен қатар Қазақстанның таза сыртқы қарызы азайды. 2019 жылдың бірінші тоқсанында оның көлемі 51 млрд доллар болса, 2026 жылдың бірінші тоқсанына қарай 35,1 млрд долларға дейін төмендеді. Қарыз көлемі шамамен 16 млрд долларға немесе 31%-ға қысқарды.

Елдің жалпы халықаралық резервтері айтарлықтай өсті. Қарастырылып отырған кезеңде олардың көлемі 27 млрд доллардан 66,8 млрд долларға дейін ұлғайып, шамамен 2,5 есе артты.

Халықаралық резервтер мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қолдауға, сыртқы міндеттемелерді орындауға және экономикалық күйзелістер кезінде тәуекелдерді азайтуға пайдаланылады.

Алтын

Халықаралық резервтер құрамындағы монетарлық алтын көлемі айтарлықтай өсті. 2019 жылдың бірінші тоқсанында оның құны 15 млрд долларға бағаланса, 2026 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш шамамен 51,8 млрд долларға жетті.

Осылайша, монетарлық алтынның ақшалай мәндегі көлемі шамамен 3,45 есе ұлғайды.

Зейнетақы

Өзгерістер әлеуметтік саланы да қамтыды. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 2019 жылғы 36 108 теңгеден 2026 жылы 69 049 теңгеге дейін өсті.

Осылайша, ең төменгі зейнетақы мөлшері шамамен 1,9 есе артты.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Сүйкеніп өліп барады»: әнші Shiza-мен ән айтқан Жанар Дұғалова сахнадағы әрекетімен сынға қалды
Next Article Алматы тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуде

Оқи отырыңыз...

Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды

18.11.20260

76 жасында Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті

18.11.20262

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады

18.11.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды

18.11.20260

76 жасында Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті

18.11.20262

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады

18.11.20260

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды

18.11.20265

«Кітап оқитын ұлт» марафонында елордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп жүр

18.11.20260

«Төрт сағат бойы жолда жатқан»: Қарағанды облысында оқушыны көлік қағып өлтірді

18.11.20262

«Маған десе, он әйел алсын»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елді шулатқан жазба жариялады

18.11.202697

«Тойған сайын құтырады»: Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы әкесінің тоқалына шүйлікті

18.11.2026271

Құрылтай ең төменгі жалақыны 110 000 теңгеге жеткізетін заңды қабылдады

18.11.20262

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20266

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.