Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Кітаптың өзі емес, ақпаратты қалай тұтынатыныңыз маңызды»: жазушы Ержан Жаубай кітап оқудың пайдасын айтты
Жаңалықтар

«Кітаптың өзі емес, ақпаратты қалай тұтынатыныңыз маңызды»: жазушы Ержан Жаубай кітап оқудың пайдасын айтты

НұрланНұрлан22.09.20265
Фото: әлеуметтік желі

Жазушы Ержан Жаубай кітап оқудың адам дамуына тигізер пайдасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасын жариялағалы бері кітап оқу тақырыбы жиі талқыланып келеді. Осы орайда жазушы кітаптың адамның ойлау қабілеті мен білімін дамытудағы маңызына тоқталды.

Оның айтуынша, кітап оқу адамның сөздік қорын байытып, ойын нақты әрі сауатты жеткізуге көмектеседі.

«Кітап оқу адамның сөздік қорын молайтады. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқыған сайын адам жаңа сөздер мен тілдік құрылымдарды үйренеді. Бұл өз ойын нақты әрі сауатты жеткізуге ықпал етеді», – деді Ержан Жаубай.

Жазушының сөзінше, кітап оқу адамның зейіні мен шыдамдылығын да дамытады. Әсіресе ұзақ мәтіндерді оқу қазіргі қысқа контентке үйренген адам үшін маңызды дағды қалыптастырады.

«Кітап оқығанда адам назарын бір нәрсеге ұзақ уақыт шоғырландырады. Сонымен қатар күрделі тақырыптарды оқып, салыстырып, талдап, өз қорытындысын жасауға үйренеді», – деп атап өтті ол.

Ержан Жаубай көркем әдебиеттің қиял мен шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ өзге адамдарды жақсырақ түсінуге ықпал ететінін айтты.

«Көркем шығарманы оқығанда кейіпкерлердің бейнесін, оқиғаларды оқырманның өзі елестетеді. Кейіпкерлердің сезімі мен өмірлік жағдайын түсінуге тырысу адамның басқа адамдарға деген көзқарасына да әсер етеді», – деді жазушы.

Сонымен қатар ол кітап оқымайтын адамның міндетті түрде білімсіз болатынын айту дұрыс емес екенін жеткізді.

«Адам кітап оқымай-ақ көп нәрсе үйрене алады. Ғылыми мақалалар, дәрістер, сапалы курстар да адамның білімін толықтырады. Сондықтан мәселе тек кітап оқуда емес, адамның ақпаратты қалай тұтынатынында», – деді ол.

Оның айтуынша, бір ғана дереккөзге сүйенбей, түрлі ақпаратты салыстырып оқу сыни ойлауды қалыптастырады. Ал сапасыз әрі үстірт контентке ғана әуестену күрделі мәтіндерді түсінуге және белгілі бір тақырыпты терең зерттеуге кедергі келтіруі мүмкін.

«Кітаптың өзі емес, адамның қандай ақпаратты және қалай тұтынатыны маңызды. Кітапты аз оқыса да, ғылыми мақалалар, дәрістер, сапалы курстар арқылы білімін толықтыратын адам интеллектуалдық тұрғыдан дами алады», – деп атап өтті Ержан Жаубай.

Жазушы кітаптың басты артықшылығы дайын ақпарат беруде ғана емес, адамның ұзақ уақыт ойлануына, салыстыруына және мәселені терең түсінуіне мүмкіндік беруінде екенін айтты.

«Қандай кітап оқығыңыз келсе де, талғаммен оқуды үйреніңіз. Себебі талғаммен оқыған кітап сізге әуелі пайда әкелсе, екінші жағынан стрестен құтқарады», – деп түйіндеді ол.

жазушы кітап оқу
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖолдардың сапасы жоқ: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысына қатал ескерту жасап, орнына басқа адам келетінін мәлімдеді
Next Article Қостанай облысында үш көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026742

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026206

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026164

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.