Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: ақпараттық манипуляцияларға қарсы фактілер  
Жаңалықтар

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: ақпараттық манипуляцияларға қарсы фактілер  

НұрланНұрлан27.09.20268

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұған дейін ескерткен болатын: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға белсенді ақпараттық манипуляциялардың нысанына айналды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Мемлекет қабылданып жатқан барлық шаралар туралы әлеуметтік желілерде жедел әрі толық ақпарат беріп отырғанына қарамастан, әлеуметтік желілерде Маңғыстаудағы оқиғаға қатысы жоқ бұрын түсірілген бейнематериалдар таратылып, ЖИ көмегімен әзірленген контент жариялануда. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің қаза болуы мен олардың жақындарының қайғысын пайдалана отырып, негізсіз болжамдар мен алып-қашпа пікірлер таралуда.

Орталық сондай-ақ үйлестірілген әрекеттердің белгілері байқалатын, оның ішінде анонимді аккаунттар арқылы таралатын хабарламаларды тіркеуді жалғастыруда. 

Әсіресе жақында ғана құрылған анонимді парақшалардың белсенділігі байқалады. Олар іс жүзінде бірден қайғылы оқиға тақырыбын таратуға кірісіп, жаңа талқылау тақырыптарын қалыптастырып, қауесеттерді көбейтіп, болжамдарды көпшілікке белгілі «фактілер» ретінде ұсынуда.

Төменде осындай ақпараттық манипуляцияларға тән бірнеше мысал келтіріледі.

Фейк: «Қаза болғандардың нақты саны жасырылып отыр»

Шын мәнінде, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ресми деректер нақтыланып отырды. Қорытынды ақпарат жарияланды: 14 әскери қызметші қаза тапты.

Фейк: «Әскери қызметшілер тікұшақтан десантталды».

Жарияланған тергеу деректеріне сәйкес, әскери қызметшілер катерді пайдалана отырып тапсырма орындаған. Оқу-жаттығуды ұйымдастыру мән-жайлары, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және жауапты тұлғалардың әрекеттері тергеу барысында анықталуда.

Фейк: «Тікелей командир мас күйінде болған»

Бұл мәлімдеме әсіресе цинизм мен адамгершілікке жат сипатымен ерекшеленеді. Сөз болып отырған командир өз әскери қызметшілерімен бірге қаза тапты. Оның алкогольдік масаң күйде болғанын растайтын қандай да бір дерек жоқ.

Фейк: ескі видео қаза тапқан әскери қызметшінің денесін тасымалдау ретінде таратылуда.

Бейнематериалды талдау барысында автомобиль бейнеленген роликтің қайғылы оқиғаға дейін, тамыз айында жарияланғаны анықталды. Яғни бұрын түсірілген бейнежазбаға қоғамдық наразылық тудыру мақсатында жаңа эмоционалдық контекст берілген.

Фейк: Каспий теңізінің жағалауында қаралы күндері түсірілген әсерлі қойылым сипатындағы видео.

Ашулы жазбалармен бірге тараған бұл роликті көптеген қолданушы Маңғыстауда түсірілген бейне деп қабылдаған. Шын мәнінде, видео Танжер қаласында (Марокко) түсірілген. Автордың айтуынша, бейнематериал кездейсоқ Қазақстанның әлеуметтік желілер сегментіне тарап кеткен. Оның өзі Қазақстандағы оқиғалардан хабардар болмаған.

Фейк: Мемлекет «ешқандай тергеу жүргізіп жатқан жоқ».

Бұл да фактілерге сәйкес келмейді. Іздестіру-құтқару операциясы қаза болған соңғы әскери қызметшінің денесі табылғанға дейін жалғасты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия дереу құрылды. Қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Президенттің өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі жеке комиссия құрылды. Комиссия жеті күн мерзімде жұмысты ұйымдастыруға, әскери бөлімдердің қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне баға беруі тиіс.

Бұл фейктердің барлығына ортақ бір нәрсе бар: мұндай талқылаулар көптеген қолданушыны өз ақпараттық ағынына тартады.

Маңызды: көрінеу жалған ақпарат тарату – бұл «жай ғана пікір» де, зиянсыз интернет-нұсқа да емес.

ҚР ҚК 274-бабында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Мұндай ақпарат онлайн-платформаларды пайдалана отырып таратылған жағдайда, жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды, ал ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздеуі мүмкін.

маңғыстау
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық белең алған»: Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі біліксіз басшыларды қатаң сынады
Next Article «Армияда кәсібилік жетіспейді»: президент әскери салада батыл шешімдер қабылданатынын айтты

Оқи отырыңыз...

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20262

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026815

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.