Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Біз үшін өліп пе»: Каспийде қаза тапқан сарбаздарға қатысты балағат сөз айтқан ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
Жаңалықтар

«Біз үшін өліп пе»: Каспийде қаза тапқан сарбаздарға қатысты балағат сөз айтқан ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

НұрланНұрлан28.09.2026273
Фото: әлеуметтік желі

Шымкентте Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан 21 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоғамға құрметсіздік танытты деген айып тағылған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы тікелей эфирді анықтаған. Эфир кезінде Шымкент тұрғыны Нұрахмет Бердібай көрерменнің қаралы жағдайға қатысты сұрағына жауап берген.

Тікелей эфир барысында ол: «Каспийдегі сарбаздар біз үшін өліп пе», – деген сөз айтқан.

Фото: әлеуметтік желі

Полицияның мәліметінше, оның бұл әрекеті қоғамға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзатын сөздер айту ретінде бағаланған.

Сонымен қатар эфирге 22 жастағы Абзал Мұсырманқұл мен Бақдәулет Мұстафа да қатысқан.

Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұдан бөлек, полиция үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту жасаған.

«Олар ішкі істер органдарында бір ай мерзімге профилактикалық есепке қойылды», – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшінің өліміне қатысты ер адамның даулы пікір айтқаны туралы ақпарат тараған болатын.

маңғыстау сарбаздар өлімі
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматы облысында халықаралық дрифт додасы өтті
Next Article «200 мың теңге төлейсің деген»: Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы өлі табылды

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026730

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026199

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026158

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.