Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қаскелеңде жаңа саябақ ашылды
Жаңалықтар

Қаскелеңде жаңа саябақ ашылды

НұрланНұрлан05.11.20264
Фото: Алматы әкімдігі

Жуырда Алматы облысының Қарасай ауданында Қаскелең өзенінің бойында көптен күткен жаңа саябақ ашылды. Терренкур, балалар ойын алаңы және амфитеатрмен жабдықталған саябақ тұрғындардың демалуына, серуендеуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналмақ,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Ал бүгін, 5 қарашада, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында саябақ аумағында экологиялық іс-шара өтті. Оған Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов және волонтерлер қатысты. Акцияға қатысушылар аумақты абаттандыру және жасыл желектер отырғызу жұмыстарына атсалысты.

Саябақтың жалпы аумағы 3 гектарды құрайды, оның 1 гектардан астам бөлігі абаттандырылған. Мұнда серуендеуге арналған жолдар төселіп, гүлзарлар жасалған, балалар және спорт алаңдары жабдықталған. Сондай-ақ учаскелік полиция пункті қарастырылған. Аумақты көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінген. Бұған дейін мұнда көгілдір шыршалар, қарағайлар, жеміс ағаштары, мың түп раушан гүлі және 1 600 түп сәндік бұта отырғызылған.

Бүгінгі экологиялық іс-шара аясында қосымша 50 түп қарағай, 10 түп алма ағашы және 10 түп қайың отырғызылды. Осылайша, саябақ аумағы жаңа жасыл желектермен толығып, одан әрі көркейе түсуде. Сонымен қатар өсімдіктерді күтіп-баптау үшін арнайы суару жүйесі орнатылған.

Мұндай бастамалар елді мекендерді абаттандырумен қатар, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Осындай іс-шараларға қатысу тұрғындарды тазалық пен тәртіпке үйретіп, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулиды және азаматтардың экологиялық санасын арттыруға ықпал етеді. Өйткені қоршаған ортаны қорғау әр адамның жеке жауапкершілігінен және туған өлкенің игілігі үшін жасалған нақты істерден басталады.

Жаңа саябақ тұрғындардың демалатын орны ғана емес, сонымен қатар табиғатты аялау, тазалық сақтау және туған өлкені көркейту сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде жұртшылықты біріктіретін қоғамдық кеңістікке айналмақ.

Алматы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қазақ аруы» емес, «Баян аруы»: Қуат Хамитов сұлулық байқауына шүйлікті
Next Article Қатты жел тұрып, күн суытады: Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Оқи отырыңыз...

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20263

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.202672

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20266

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20263

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202682

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202690

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202662

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.