Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Гүлжан Тусибиянова сайлауалды бағдарламасын жариялады. «Resbublica» партиясы ұсынған кандидат өзінің негізгі басымдықтары ретінде білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және отбасыны қолдау бағыттарын атаған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Сайлауалды бағдарламасында Гүлжан Нұрбекқызы балаларға қолжетімді әрі сапалы білім беруге ерекше мән берген. Атап айтқанда, мектептерде кедергісіз орта қалыптастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға педагогикалық қолдауды күшейту, педагог-ассистент, логопед және психолог көмегінің қолжетімділігін арттыру көзделген.
Сонымен қатар кандидат балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, мәдени жобалар мен өнер үйірмелерін қолдауға, мәдениет үйлері мен кітапханалардың дамуына ықпал етуді ұсынады.
Спорт және денсаулық сақтау саласында бейімделген дене шынықтыру мен инклюзивті спорт секцияларын қолдау, спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру, балаларға медициналық көмек пен оңалту қызметтерін жетілдіру мәселелері қамтылған. Сондай-ақ аурулардың алдын алу, ерте диагностика және уақтылы медициналық көмек көрсетуге назар аударылған.
Бұдан бөлек, бағдарламада отбасыларды қолдау мәселесі де қарастырылған. Кандидат ата-аналарға кеңес беру және психологиялық қолдау қызметтерін дамытуға, отбасылардың ұсыныстарын тиісті мекемелерге жеткізуге, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ниетті екенін жеткізген.
«Инклюзия — әр баланың қоғам өміріне толық қатысуы», — делінген сайлауалды материалда.
Гүлжан Нұрбекқызы Тусибиянова Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына №12 сайлау округінен кандидат ретінде ұсынылған. Сайлау 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленген. Кандидаттың сайлауалды үгіт материалдары «Resbublica» партиясының сайлау қоры есебінен қаржыландырылған.
Дайындаған: Г.Нұрбекқызы
Тапсырыс беруші: Алатау облысы мəслихатының депутаттығына кандидат Гүлжан Нұрбекқызы Тусибиянова
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді


