Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»57 миллион теңгелік корпоратив пен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражат – Боқаевтың сотында не анықталды
Жаңалықтар

57 миллион теңгелік корпоратив пен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражат – Боқаевтың сотында не анықталды

НұрланНұрлан17.11.20262
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот процесінде қаржылық құжаттарды зерттеу басталды. Екі компанияның банк көшірмелерін талдау нәтижесінде сот халықаралық автошеруге жұмсалған миллиондаған теңгенің қалай бөлінгені және қандай жолмен қолма-қол ақшаға айналдырылғаны көрсетілді,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Басты назар Санжар Боқаевтың жиенінің бақылауындағы «BM Trust» ЖШС-нің банк шоттарына аударылды. Құжаттарға сәйкес, компания кәсіподақтан 27,2 миллион теңге көлемінде қаражат алған. Оның үстіне алғашқы аударымдар келісімшартқа қол қойылған күні-ақ басталған. Мемлекеттік айыптаушы 2018 жылдың шілде-қараша айлары аралығында аталған компанияның шоттарынан «өзге шығындар» деген негізбен 10 миллион теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға аударылғанына мән берді.

Бұдан бөлек, қаражаттың автошеруге еш қатысы жоқ бухгалтерлік қызметтер мен үй-жайларды жалға алуға жұмсалғаны анықталды. Бұл қаржылық деректер бұған дейінгі сот отырыстарында айтылған куәгерлердің сөздерімен де ұштасады. Атап айтқанда, «ЦелинСельМаш» компаниясының заңгері дәл осы кезеңде «BM Trust» ЖШС-нің елордадан ауданы 671 шаршы метр болатын жиһаз цехына арналған ғимаратты жалға алғанын растаған еді. Оның айтуынша, бұл цех шын мәнінде Санжар Боқаевтың өзіне тиесілі болған.

BM Trust банк көшірмелеріндегі көзге түсетін жайттардың бірі – MLS Group компаниясына 7,6 миллион және 12,3 миллион теңге көлемінде жасалған аударымдар. Бұл транзакциялар алдыңғы сот отырыстарында айтылған куәгердің сөздерін құжат жүзінде растады. Еске сала кетейік, бұған дейін MLS Group басшысы Сұлтанов сотта автошеру туралы қандай да бір уәде етілген деректі фильмнің компания тарапынан мүлде түсірілмегенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, компанияға түскен миллиондаған теңге қолма-қол ақшаға айналдырылып, Санжар Боқаевтың жеке өзіне табысталған. Енді бұл мәлімдемелер ресми банк операцияларының құжаттарымен де расталып отыр.

BM Trust компаниясынан қаражат аударылған өзге де алушылардың қатарында «Мотив Акмола» ЖШС мен «Индиго» ЖК бар. Жауап алу барысында олардың автошеруді ұйымдастыруға ешқандай қатысы жоқ екені тағы да расталды.

Ал Жұлдыз Артықбаева басқарған «We Can» ЖШС-нен, яғни компанияның банк көшірмелерінен мүлде басқа көрініс байқалды. Құжаттар компанияның нақты шаруашылық қызметпен айналысқанын көрсетті. Атап айтқанда, ол автошеруге қатысушылардың қонақүйлерде тұруы мен тамақтануын, полиграфиялық өнімдерге, көлік қызметтері мен концерттерді ұйымдастыруға миллиондаған теңге аударған.

Бұл қаржылық құжаттар бұған дейін сотқа жеткізілген Қызылордадағы Sultan Plaza және Түркістандағы «Ханака» қонақүйлерінің басшылары берген жауаптармен толық сәйкес келді. Олар көрсетілген қызметтердің ақысын дәл осы «We Can» ЖШС төлегенін растаған болатын.

Екі серіктестіктің банк көшірмелерін салыстыра отырып, мемлекеттік айыптау тарапы тергеу нұсқасының қисынын былай түйіндеді: халықаралық автошеру іс жүзінде нақты қызметтерге ақы төлеген «We Can» ЖШС-нің күшімен ұйымдастырылған. Ал Боқаевтың туысының бақылауындағы BM Trust компаниясына (құжаттарда Қалменовтың да аты аталады) аударылған қаражат мақсатсыз пайдаланылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қаржылық заңбұзушылықтар аудит қорытындысымен де расталады. Сот отырысында ревизордың қорытындысы жария етілді. Онда автошеру аясында жасалған екі келісімшарт бойынша көрсетілген қызметтердің құны 30 миллион теңгеге артық бағаланғаны анықталған. Болжамға сай қорғау тарапы бұл есептеудің әдістемесімен келіспейтінін мәлімдеді.

Автошеруге қатысты эпизодтан бөлек, құжаттарды зерттеу барысында айыпталушының басқа да ауқымды жобаларға қатысы туралы деректер белгілі болды. Мәселен, прокурор «ҚазТрансГаз» компаниясы үшін бес сағаттық корпоративтік іс-шара өткізуге арналған құны 57 миллион теңгеден асатын келісімшартты мақұлдауға Боқаевтың қатысқанына назар аударды.

Осылайша, Боқаевтың ірі қаржы ағындарының бөлінуін жеке өзі бақылап, миллиондаған теңгелік келісімшарттар жасасу кезінде жауапты тұлға ретінде әрекет еткені айтылды.

боқаев\ сот
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

Оқи отырыңыз...

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

17.11.20260

Қазақстан азаматын АҚШ билігі қауіпті қылмыскер ертінде ұстатып, күшпен алып кетті

17.11.20261

ҚазҰУ жатақханасындағы қайғылы жағдай: студент өліміне қатысты күдікті ұсталды

17.11.202611
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

57 миллион теңгелік корпоратив пен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражат – Боқаевтың сотында не анықталды

17.11.20262

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

17.11.20260

«Умра оған не керек?»: Тұрсынбек Қабатовқа жасалған тосын сый елдің сынына қалды (ВИДЕО)

17.11.20268

«Кеудедегі қос анар»: Төреғали Төреәлі мен Балжан Бидаш Threads желісінде сөз қағыстырды

17.11.20264

Қазақстан азаматын АҚШ билігі қауіпті қылмыскер ертінде ұстатып, күшпен алып кетті

17.11.20261

ҚазҰУ жатақханасындағы қайғылы жағдай: студент өліміне қатысты күдікті ұсталды

17.11.202611

«Әкімдік қызметкері»: СҚО-да зейнет жасына таяған әйел сірке суын ішіп, көз жұмды

17.11.202687

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202631

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20263

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026583

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.