Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қамбаға 2 млн тоннадан астам өнім түсті. Алматы облысында күзгі жиын-терім жалғасуда
Жаңалықтар

Қамбаға 2 млн тоннадан астам өнім түсті. Алматы облысында күзгі жиын-терім жалғасуда

НұрланНұрлан17.11.20264

Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Өңір диқандары қазірдің өзінде 437,9 мың гектар алқаптан 2,3 млн тонна өнім алды. Бұл былтырғыдан 519 мың тоннаға артық. Қазір егін жинау жұмыстары жалпы егістік алқаптың 99,6 пайызында аяқталған. Қалған өнімді жинау қараша айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Биыл жүгері, арпа мен бидай бітік шықты дейді диқандар. Атап айтқанда, жүгері көлемі 560 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 272,5 мың тоннаға артық. Арпа 155,5 мың тоннаны құрады. Былтыр 121,2 мың тонна өнім жиналған еді. Ал жиналған бидай көлемі 91,5 мың тонна. Өткен жылы 60,3 мың тонна өнім алынған болатын.

Көкөніс пен бақша дақылдарынан да мол өнім жиналды. Биыл облыс шаруалары 291 мың тонна картоп алған. Ал бақша дақылдарының көлемі 73,7 мың тоннаны құрап, былтырғы көрсеткіштен асып түсті.

Өнім көлемі бойынша Еңбекшіқазақ ауданы көш бастап тұр. Мұнда 532,6 мың тонна өнім жиналды. Оның басым бөлігі – жүгері. Атап айтқанда, ауданда 263 мың тонна жүгері жиналған. Екінші орында 428,6 мың тонна көрсеткішпен Жамбыл ауданы тұр. Мұнда негізінен арпа, бидай және мал азығына қажетті дақылдар мол жиналды. Үздік үштікті 275,9 мың тонна өнім алған Іле ауданы түйіндеді. Бұл аудан майлы дақылдарды жинау бойынша облыста бірінші орында.

Биыл облыстағы жалпы егістік алқап 439,9 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 мың гектарға көп. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, биылғы өнімнің сапасы жақсы. Өнім көлемінің артуына су үнемдеу технологияларын енгізу, агротехникалық шараларды уақытылы жүргізу және минералды тыңайтқыштарды тиімді қолдану оң әсер еткен.

«Алматы облысында жиналған өнімнің басым бөлігі өңір тұрғындарының қажеттілігін өтеуге бағытталады. Атап айтқанда, бидай мен мал азықтық дақылдар жергілікті сұранысты қамтамасыз етуге жұмсалса, жүгері мен көкөніс-бақша өнімдері еліміздің басқа өңірлеріне де жөнелтіледі. Сонымен қатар облыста өндірілген жүгері, ұн және макарон өнімдері, майлы дақылдар мен өсімдік майлары, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарлары шетел нарығына шығарылады. Негізгі экспорттық бағыттар – Қытай мен Орталық Азия елдері. Соңғы жылдары Қытайға жүгері мен одан өндірілетін өнімдерді жеткізу көлемі артып келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың жалпы экспорты 811,7 млн АҚШ долларын құрады. Оның 479,3 млн доллары немесе шамамен 59 пайызы азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесіне тиесілі. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыстың жалпы экспорт көлемі 60,2 пайызға өскенін көрсетеді», – деді Бақытнұр Бақытұлы.

Биылғы күзгі дала жұмыстарына 295 бригада құрылып, 3,9 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Жиналған астықты сақтау үшін облыста лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қоймалары пайдаланылады. Лицензияланған кәсіпорындардың сақтау сыйымдылығы 62 мың тоннаны, ал шаруашылық қоймаларын қоса есептегендегі жалпы көлем 180,2 мың тоннаны құрайды.

Алдағы жылы облыста егіс алқабын 441 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл биылғы көрсеткіштен 1,1 мың гектарға артық. Негізгі басымдық дәнді және бұршақты, жүгері, майлы әрі мал азықтық дақылдарға беріледі. Атап айтқанда, жүгері алқабын 65,5 мың гектарға, мал азықтық дақылдар алқабын 212,5 мың гектарға жеткізу көзделген.

Егін
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article57 миллион теңгелік корпоратив пен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражат – Боқаевтың сотында не анықталды
Next Article Қос студенттің қазасы: билік ҚазҰУ кешенді тексеру жүргізетін болды

Оқи отырыңыз...

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.20262

Қонаевтағы мектепте болған қайғылы оқиға: 3-қабаттан құлаған бала ауруханада көз жұмды

18.11.20267

Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады

18.11.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Той істеп беретін жағдайы болмады»: Азамат Сатыбалдының жары жертөледе тұрған кездерін еске алды (ВИДЕО)

18.11.202627

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.20262

Қонаевтағы мектепте болған қайғылы оқиға: 3-қабаттан құлаған бала ауруханада көз жұмды

18.11.20267

Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады

18.11.20260

«17 жыл бойы күткен қуаныш»: Жахан Отарғалиев үшінші әйелі жүкті екенін айтты (ВИДЕО)

18.11.202670

Жарты миллион гектар жер қайтарылды: Алматы облысында бос жатқан жерлерге 60 млрд теңге инвестиция тартылды

18.11.20265

Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды

18.11.20266

76 жасында Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті

18.11.20269

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады

18.11.20260

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды

18.11.202611

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.