Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Аймақ»«Сөз шебері»: Астаналық оқушылар арасында үздік жүргізушілер анықталды
Аймақ

«Сөз шебері»: Астаналық оқушылар арасында үздік жүргізушілер анықталды

НұрланНұрлан19.11.20261
Фото: gov.kz

Астанадағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Сөз шебері» қалалық жүргізушілер байқауының негізгі кезеңі ұйымдастырылды. Оған қатысқан дарынды оқушылар көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі бойынша сынға түсті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Байқаудың іріктеу кезеңінде елорданың түрлі білім беру ұйымдарынан 56 оқушы бақ сынады. Жас жүргізушілер сахнадағы әртістік қабілетін, сөйлеу мәнерін, дикциясын және көрермен алдында өзін еркін ұстау дағдысын көрсетті. Нәтижесінде олардың ішінен үздік деп танылған 16 қатысушы ғана негізгі кезеңге жолдама алды.

Негізгі кезеңде финалистер үш бағыт бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, олар шығармашылық таныстырылым, суырыпсалмалық және тікелей эфир форматында өз қабілеттерін көрсетті.

Байқаудың мазмұны «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтарымен ұштастырылды. Қатысушылар өздерін таныстыру барысында адалдық, жауапкершілік, әділдік және аудиторияға құрмет көрсету қағидаттарын ұстанатын заманауи жүргізушінің бейнесін ашуға тырысты. Сондай-ақ сахналық қойылымдары арқылы әр сөздің артында азаматтық ұстаным мен жеке жауапкершілік тұратынын көрсетті.

Байқаудың ең тартысты кезеңдерінің бірі суырыпсалмалық болды. Бұл тапсырмада қатысушылар алдын ала дайындықсыз берілген тақырыпқа жылдам бейімделіп, тапқырлық, әзіл-қалжың және сауатты сөйлеу қабілеттерін көрсете білді. Ал тікелей эфир форматындағы тапсырмада ақпараттық сауаттылық, шапшаңдық және топпен жұмыс істеу дағдылары бағаланды.

аймақ Астана оқушы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article“Таныстарын шақырып, зорлатқан”: Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды
Next Article «Дариғаның балалы болуға мүмкіндігі бар»: Репродуктолог мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Қаралы хабар: Қазақстан футболының ардагері әрі төреші 81 жасында өмірден өтті

19.11.20260

Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: жүргізушісі қаза тапты

19.11.20261

Ақмола облысында үш көлік апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

19.11.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді

19.11.202623

«Жатыры құтырған қатыннан Абайлар туылмайды»: актердің әйелі Қабатовтың тоқалына жауап берді

19.11.2026216

Қаралы хабар: Қазақстан футболының ардагері әрі төреші 81 жасында өмірден өтті

19.11.20260

Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: жүргізушісі қаза тапты

19.11.20261

Ақмола облысында үш көлік апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

19.11.20260

Болат Назарбаевтың бұрынғы зауыты мемлекетке өтіп, сатылымға шығарылды

19.11.202646

«Дариғаның балалы болуға мүмкіндігі бар»: Репродуктолог мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

19.11.202647

«Сөз шебері»: Астаналық оқушылар арасында үздік жүргізушілер анықталды

19.11.20261

“Таныстарын шақырып, зорлатқан”: Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды

19.11.2026104

«Түрлері ұқсаса да, мінезі ұқсамасын»: Олжас Абайдың бұрынғы әйелі ұлдарын көрсетті

19.11.2026264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.