Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»“Таныстарын шақырып, зорлатқан”: Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды
Жаңалықтар

“Таныстарын шақырып, зорлатқан”: Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды

НұрланНұрлан19.11.2026101
Фото: видео скриншот

Балқаш қаласында кәмелетке толмаған екі апалы-сіңліге қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен алты адам ұсталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Полицияға жасөспірімдердің әкесі арыз түсірген. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің өкілі Бақытжан Құдияровтың мәліметінше, 16 қарашада Балқаш қаласының 55 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қыздарына қатысты заңсыз әрекеттер болғанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері алты күдіктінің жеке басын анықтап, оларды ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғалар әртүрлі уақытта және әртүрлі жерде болған. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу мүддесіне байланысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбады.

Ал басылым редакциясына пікір білдірген қыздардың нағашы ағасы жиендерінің 13 және 15 жаста екенін жеткізген. Оның айтуынша, 2026 жылдың жазында жасөспірімдерге күш көрсетіліп, ішімдіктеріне түрлі препараттар қосылған. Кейін оларды жалдамалы пәтерлерге апарып, жыныстық сипаттағы қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Сондай-ақ жақындарына ештеңе айтпау үшін интимдік фото және видеоларын таратамыз деп қорқытқан.

Қыздардың әкесінің сөзінше, оқиға маусым айында басталған. Сол кезде қыздары көшеде өздерінен үлкен қызбен танысқан. Ол жасөспірімдерді дәмханаға шақырып, сыйлықтар беріп, кейін өзінің таныстарымен араластырған.

Әкесінің айтуынша, кездесулердің бірінен кейін қыздарды үйіне жеткізіп салуды ұсынған ер адамдар жолда оларға зорлық көрсетіп, болған жағдайды видеоға түсірген. Кейін сол жазбаларды тарату арқылы қорқытып, өзге ер адамдармен кездесуге мәжбүрлеген.

Сондай-ақ әкесі бұл іске Telegram-арна арқылы клиент тартылғанын айтып, қылмысқа 20-ға жуық адамның қатысы болуы мүмкін екенін алға тартқан.

балқаш зорлық
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Түрлері ұқсаса да, мінезі ұқсамасын»: Олжас Абайдың бұрынғы әйелі ұлдарын көрсетті
Next Article «Сөз шебері»: Астаналық оқушылар арасында үздік жүргізушілер анықталды

Оқи отырыңыз...

Қаралы хабар: Қазақстан футболының ардагері әрі төреші 81 жасында өмірден өтті

19.11.20260

Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: жүргізушісі қаза тапты

19.11.20261

Ақмола облысында үш көлік апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

19.11.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді

19.11.202622

«Жатыры құтырған қатыннан Абайлар туылмайды»: актердің әйелі Қабатовтың тоқалына жауап берді

19.11.2026192

Қаралы хабар: Қазақстан футболының ардагері әрі төреші 81 жасында өмірден өтті

19.11.20260

Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: жүргізушісі қаза тапты

19.11.20261

Ақмола облысында үш көлік апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

19.11.20260

Болат Назарбаевтың бұрынғы зауыты мемлекетке өтіп, сатылымға шығарылды

19.11.202646

«Дариғаның балалы болуға мүмкіндігі бар»: Репродуктолог мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

19.11.202646

«Сөз шебері»: Астаналық оқушылар арасында үздік жүргізушілер анықталды

19.11.20261

“Таныстарын шақырып, зорлатқан”: Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды

19.11.2026101

«Түрлері ұқсаса да, мінезі ұқсамасын»: Олжас Абайдың бұрынғы әйелі ұлдарын көрсетті

19.11.2026257

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.